65) Иық белдеуінің бұлшықеттері мен фасциялары, қызметі. Кәріжілік нерв өзегі, шекаралары, құрамы.
Иық бұлшықеттері. Эмбрионалдық даму кезіндегі бастапқы классикалық қарапайым орналасуын сақтай келе, иық буыны мен шынтақ буынын қозғалысқа келтіруші алдыңғы және артқы топ бұлшықеттерге бөлінеді.
Иықтың алдыңғы топ бүгуші бұлшықеттері:
1. Иықтың екі басты бұлшықеті, m.biceps brachii. Бұл бұлшықеттің проксимальді бөлігі қысқа және ұзын басынан тұрғандықтан иықтың екі басты бұлшықеті деп аталуы сол себепті. Ол тоқпан жіліктің алдында терінің астында айқын байқалады.
a) Иықтың екі басты бұлшықетінің ұзын басы, caput longum, ол жауырынның буын үстілік төмпешігінен жіңішкелеу және ұзындау келген сіңірше арқылы басталады. Бұл бұлшықеттің сіңіршесі иық буыны қапшығының астымен өтіп, одан әрі иық буынынан шыққаннан кейін, тоқпан жіліктің төмпешік аралық саласы, sulcus intertubercularis, арқылы өтіп, екі қарыншалы бұлшықеттің жалпы қарыншасын құрайды.
ә) Бұл бұлшықеттің қысқа басы, caput brevis, ол жауырынның құстұмсық өсіндісінен құстұмсық-иық бұлшықетімен қосарласып бірге басталады. Тоқпан жіліктің орталық бөлігінде екі басы ұршықтәрізді болып келген карыншасын құрап, одан әрі дисталді сіңіршесіне ұласып, кәрі жіліктің бұдырына, tuberiositas radii, барып бекісе, сіңіршенің медиалді бағытта бағытталған жалпақтау келген шандырлы табақшасы, aponeurosis musculi bicepitis brachii, құрап, білектің фасциялық қабықшасына ұласады. Қызметі: иық пен шынтақ буынын бүгіп, ішке қарай айналдыру.
2. Құстұмсық-иық бұлшықеті, m. coracobrachialis, ол жауырынның құстұмсық өсіндісінен, processus coracoideus, жалпақтау келген сіңіршелері арқылы басталып, төмен бағытта өтіп, иықтың кіші төмпешігінің қырқасына, crista tuberculi minoris, барып бекиді. Қызметі: иық буынын бүгіп, қолды кеудеге қарай тартады. Сонымен қатар, иықты қимылдатпай берік ұстаған жағдайда жауырынды алға және төмен қарай тартады.
3. Иық бұлшықеті, m. brachialis, ол тоқпан жіліктің алдыңғы бетінің төменгі 2/3 бөлігінен, дельта тәрізді бұдырының аралығынан және иық бұлшықеттерінің аралық медиалді және латералді табақшасынан, septum intertuberculares medialis et lateralis, басталады. Сіңіршелері төмен бағытта өтіп, сіңіршенің беткей орналасқан дәнекер тканды талшықтары, шынтақ жіліктің бұдырына, tuberositas ulnae, барып бекісе, тереңде орналасқан сіңіршелері шынтақ буынының буын қапшығына ұласады. Қызметі: шынтақ буынын бүгу.
Иықтың артқы топ жазушы бұлшықеттері:
1. Иықтың үш басты бұлшықеті, m. triceps brachii. Ол иықтың артқы қапталында орналаскан өте жақсы дамыған бұлшықет болып саналады. Бұл бұлшықеттің атына сәйкес латералді, медиалді және ұзын бастары ажыратылады.
a) Латералді басы, caput laterale, ол қысқалау келген сіңіршелер мен бұлшықеттер талшықтары арқылы, тоқпан жіліктің латералді бетінен, және иықтың бұлшықет аралық латералді бетінен, және иықтың бұлшықет аралық латералді табақшаларынан, septum intermuscularis lateralis, басталады. Бұлшықеттің талшықтары төмен және медиалді бағытта өтіп, кәрі жілік нерві жүлгесінің, sulcus nervi radialis, артқы бетін жауып шынтақ жіліктік өсіндісіне olecranon, бағыт алады.
ә) Медиалді басының, caput mediale, басым бөлігі, бұлшықеттік талшықтардан тұрады. Бұлшықет талшықтары бірнеше сүйектік нүктеден: тоқпан жіліктің артқы бетінің төменгі бөлігінің артқы бетінен, шынтақ буынын ішке бұрғыш бұлшықеттің, m. pronator teres, басталар жерінен, иықтық бұлшықет аралық медиалді табақшалардан және шынтақтық өсіндіден, olecranon, басталады.
б) Ұзын басы, caput longum, ол өте мықты келген сіңіршелер арқылы: жауырынның буындық төменгі төмпешігінен, tuberculum infraglenoidale, басталады. Бұл бұлшықеттің талшықтары төмен бағытта, иық белдеу бұлшықеттерінің жұмыр кіші және үлкен жұмыр бұлшықеттердің қарыншаларының аралығымен өтіп, тоқпан жіліктің орталық бөлігінде бұл бұлшықеттің медиалді және латералді қарыншаларымен бірігіп, иықтың үш басты бұлшықетінің жалпы қарыншасын құрауға қатысып, шынтақ жіліктің шынтақ жіліктік өсіндісіне, барып бекиді. Қызметі: шынтақ буынын жазып, қолды тұлғаға қарай тарту.
2. Шынтақ бұлшықеті, m.anconeus. Сыртқы пішіні үш бұрыш тәрізді келіп, тоқпан жіліктің латералді айдаршық үстілік өсіндісінен, epicondylus lateralis, және шынтақ буынының жанама кәрі жіліктік байламынан, lig. collaterale radiale, басталып, шынтақ жіліктің шынтақ жіліктік өсіндісінің артқы бетіне барып бекиді. Қызметі: шынтақ буынын жазу.
Иық бұлшықеттерінің топографиясы:
1. Иықтың екі басты бұлшықетінің медиалді саласы, sulsuc bicipitalis medialis, ол, иықтың медиалді қапталында екі басты бұлшықеті, m. biceps brachii мен иықтық бұлшықеттің, m. brachialis аралығында орналасқан. Бұл сала арқылы қол басына қарай бағытталған иықтық артерия, a. brachialis мен орталық нерв n. medianus өтеді.
2. Иықтың екібасты бұлшықеттің латералді саласы, sulcus bicipitalis lateralis, ол, иықтың латералді қапталында иықтың екі басты бұлшықеті мен иықтық бұлшықетінің аралығында бойлай орналасқан. Бұл сала арқылы қол басынан жүрекке қарай бағытталған бастық вена, v. cephalica өтеді.
3. Кәрі жілік нервінің немесе иық-бұлшықет өзекшесі, canalis n. radialis seu canalis humeromuscularis, иықтың артқы қапталында тоқпан жілік пен иықтың үш басты бұлшықеттерінің аралығында орналасқан. Бұл өзекшенің проксимальды тесігі үш басты бұлшықеттің медиалді басы мен латералді басының аралығында орналасса, дисталді тесігі шынтақ буынының маңында иық бұлшықеті, m. brachialis, мен иық-кәріжіліктік бұлшықеттің, m. brachioradialis, аралығында орналасқан.
Бұл өзекше арқылы, қолтық қуысынан қол басына қарай бағытталған кәріжілік нерві, n. radialis мен иықтық терең артериясы a. profunda brachii және вена қан тамырлары өтеді.
Шынтақтық аймағының алдыңғы бетінде шынтақ шұңқыры айқын байқалады. Бұл шұңқырдың түбін иық бұлшықеті құрайды. Шынтақ шұңқырының медиалді және латералді қабырғалары ажыратылады. Медиалді қабырғасы: ішке бұрғыш жұмыр бұлшықетінен, m. pronator teres тұрса, латералдік қабырғасы: иық-кәріжілік бұлшықетінен, m. brachioradialis тұрады.
Сонымен қатар, шынтақ шұңқырының бүйір қапталына қарай тереңдей келіп, шынтақ жүлгесі, sulcus ulnaris мен латералді кәрі жіліктік жүлгені, sulcus radialis құрайды.
Шынтақ шұңқырының артқы бетінде, тоқпан жіліктің медиалді айдаршығы мен латералді айдаршығының және шынтақ жілік сүйегінің шынтақтық өсіндісінің аралығында: артқы шынтақтық медиалді жүлгесі, sulcus cubitalis posterior medialis; артқы шынтақтық латералді жүлгесі, sulcus cubitalis posterior lateralis орналасқан. Шынтақтық медиалді жүлгенің бойынан шынтақ жілік нерві, n. ulnaris өтеді.
Білектің алдыңғы бетінде, бұлшықеттердің аралығында бойлай орналасқан: кәрі жіліктік, шынтақ жіліктік және орталық жүлгелер ажыратылады.
a) Кәріжіліктік жүлге, sulcus radialis, ол иық-кәріжілік бұлшықеті, m. brachioradialis мен бүккіш кәріжілік-білезік бұлшықетінің, m. carpi radialis аралығында орналасқан. Бұл сала арқылы қол басына қарай бағытталған кәрі жілік артериясы, a. radialis, өтеді.
b) Шынтақжіліктік жүлге, sulcus ulnaris, ол бүккіш шынтақ жілік-білезік бұлшықеті, m. flexor carpi ulnaris, мен саусақтарды буккіш беткей бұлшықеттердің, m. flexor digitorum superficialis, аралығында орналасқан. Бұл саланың бойында өзі аттас қантамырлар мен нервтер өтеді.
c) Орталық жүлге, sulcus medianus, ол бүккіш кәріжілік-білезік бұлшықеті, m. flexor carpi radialis, мен саусақтарды бүккіш беткей бұлшықеттің, m. flexor digitorum superficialis, аралығында орналасқан. Бұл жүлге арқылы орталық нерв, n. medianus өтеді.
Кәріжілік-білезік буынының маңында, білезік бұлшық еттерінің алдыңғы білезігінен, retinaculum flexorum, көлденең бағытта өтіп, кәріжілік-білезік көтеріңкі, eminentia carpi radialis, мен шынтақ жілік-білезік көтеріңкісіне, eminentia carpi ulnaris барып бекуіне байланысты, білезіктік сала, sulcus carpalis, білезіктік өзекшеге, canalis carpalis айналады. Бұл өзекше қол басына қарай өтіп, кәріжілік-білезік саласына, sulcus carpi radialis және шынтақжілік-білезік жүлгесіне, sulcus carpi ulnaris бөлінеді.
d) Шынтақжілік-білезік жүлгесі, sulcus carpi ulnaris, ол білектің шынтақ жіліктік жүлгенің, sulcus ulnaris тікелей жалғасы болып саналады. Бұл жүлге арқылы шынтақ жіліктің қан тамырлары мен нервтері өтеді.
e) Кәрі жілік-білезік жүлгесі, sulcus radialis, арқылы бүккіш кәріжілік-білезік бұлшықетінің, m. flexor carpi radialis сіңірі мен синовиалды қынабы орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |