69) Қолтық қуысы, қабырғалары, құрамы, апертуралары. Қолтық қуысының алдыңғы қабырғасының үшбұрыштары.
Қолтық шұңқыры, fossa axillaris, қолтық аумағында, кеуде мен иықтың аралығында орналасқан. Қолды сыртқа және жоғары қарай алшақтатып көтерген жағдайда, бұл шұңқыр айқын байқалады. Қолтық шұңқырының алдыңғы қабырғасы: қатпарланған тері мен кеуденің үлкен бұлшықетімен шектелсе, артқы қабырғасы: арқаның тым жалпақ бұлшықеті мен үлкен жұмыр бұлшықеті арқылы шектелген. Жоғарғы қабырғасы, қолтық шұңқырының фасциялық қабықшасымен шектелген. Қолтық шұңқырының жоғарғы қабырғасын, кескен жағдайда бұл шұңқыр қолтық қуысына ұласады.
Қолтық қуысы, cavum axillaris, ол қолтық шұңқырының тікелей жалғасы болып саналады. Бұл шұңқырдың сыртқы пішіні, төртбұрышты пирамида тәрізденіп келген негізі, төбесі ажыратылады. Қолтық қуысының 4 қабырғасы ажыратылады:
Алдыңғы қабырғасы: кеуденің үлкен, кіші бұлшықеттерінен;
Медиалдік қабырғасы: кеуденің алдыңғы тісшеленген бұлшықетінен;
Артқы қабырғасы: жауырын астылық бұлшықеті, m. subscapularis мен үлкен жұмыр бұлшықетінен, m. teres major, және арқаның аса жазық бұлшықетінен, m. latissimus dorsi;
Латералді қабырғасы: құстұмсық-иық бұлшықеті, m. coracobrachialis, мен иықтың екі басты бұлшықетінің қысқа басынан, caput brevis m. bicipitis braсhii, тұрады.
Қолтық қуысының пайда болуы, мойын аумағынан иық белдеу, қол бұлшықеттерін қандандырылуға, нервтендірілуге бағытталған анатомиялық құрылымға тікелей байланысты. Сол себепті қолтық қуысының қан тамырлары мен нервтерінің және лимфа тамырларының топографиялық орналасуын анықтап, ауруды дәйекті түрде, хирургиялық тұрғыда дұрыс емдеу үшін: бұғана-кеуде, кеуделік және кеуде астылық үшбұрыштар ажыратылады.
Бұғана-кеуделік үшбұрыш, trigonum clavi pectoralis. Бұл үшбұрыш бұғана сүйегі мен кіші кеуделік бұлшықеттің, m. pectoralis minor, жоғарғы жиегінің аралығында орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |