1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Бөксе аймағының бұлшықеттері. Олардың топографиясы.Алмұртүстіжәне алмұртасты тесіктер, олардың құрамы



бет85/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

73. Бөксе аймағының бұлшықеттері. Олардың топографиясы.Алмұртүстіжәне алмұртасты тесіктер, олардың құрамы.
Бөкселік аймақ-regio glutealis , ол мықындық қырқамен бөкселік сызықшаның аралығында орналасқан.
Жамбас белдеу бұлшықеттері орналасуына қарай ішкі және сыртқы топ бұлшықеттеріне бөлінеді.
Ішкі топ бұлшықеттеріне:
1) Үлкен бел бұлшықеті- m.psoas major. Сыртқы пішіні ширатылған ұршық тәрізді бұлшықет. Бұл бұлшықеттің беткей бұлшықет талшықтары тісшеленген 5 аяқшалары арқылы: 12 кеуде , жоғарғы төрт бел омыртқалардың бүйір қапталынан және сол омыртқалардың омыртқа аралық дискілерінен басталса, тереңде орналасқан бұлшықеттер талшықтары барлық бел омыртқалардың көлденең өсіндісінен басталады.
2) Белдің кіші бұлшықеті- m.psoas minor. Өте нәзіктеу келіп, белдің үлкен бұлшықеттің бетінде бойлай орналасқан. Бұл бұлшықеттің бұлшықеттікталшықтары: ХІІ-кеуде, І-беломыртқалардың бүйір қапталынан басталып, төмен бағытта өтіп, жіңішкелеу келгенсіңіршесіне ұласады.Қызметі: мықын бұлшықетінің фасциялық, қабықшасын керу.
3) Мықын бұлшықеті- m.iliacus. Үшбұрыш тәрізденіп, мықын сүйегінің мықындық ойысында, fossa iliaca орналасқан.Бұлшықет талшықтары
мықын ойысының ойыстық бетінен басталғаннан кейін жинақталынып, төмен бағытта өтіп, жамбастың шекаралық сызықшасының, Ііпеа terminalis тұсында, үлкен бел бұлшықеттің, т.psoas maior бұлшықетгік талшықтарымен бірігіп, бел-мықын бұлшықетін, т. iliopsoas қүрайды.
4) Бел-мықын бұлшықеті- m.iliopsoas.Үлкен бел бұлшықеті мен мықын бұлшықетінің талшықтарының өзара бірігуінен құралған.Бұлшықет
қарыншасы жамбас қуысынан, бұлшықеттікқақпасы, lacuna musculorum арқылы сыртқа қарай өтіп, одан әрі жамбас буынының алдыңғы бетін орай өтіп, қысқалау келген сіңіршелеріарқылы ортан жіліктің кіші ұршығына,
trochanterminorбарыпбекиді.Қызметі: санды жамбас буынында бүгіп, сыртқа қарай бұрап қоймай, санды қимылдатпай ұстаған жағдайда тұлғаны алға қарай иіп төмен қарай тартады.
5) Ішкі жапқыш бұлшықеті- m.obturatorius internus.Жалпақтау желпеуіш тәрізденіп,жапқыш жарағының ішкі бетінен басталады.Бұл бұлшықеттің талшықтары жинақтала келе, жамбасқуысынан кіші шонданайлық тесік, foramenischiadicum minus арқылы сыртқа қарай өтіп, сүйір бұрыш құрап, қысқалау келген сіңіршесіарқылы ортан жіліктің үршықтық ойысына, fossa
trochanterica, барып бекиді.Қызметі: Ортан жілікті сыртқа қарай бұру.
6) Алмұрт тәрізді бұлшықет- m.periformis. Сегізкөз сүйегінің жамбасқуысынан қараған бетінен және 2 және 4 сегізкөз омыртқалардың аралықтесігінің латералдық бетінен басталады.Бұлшықеттікталшықтары жинақталынып, жамбас сүйегінің үлкеншонданайлық тесігінен жамбас қуысынан сыртқа қарай әтіп, жіңішкелеу келген сіңіршесі арқылы ортан жіліктің үлкен ұршығына, trochantermajorбарып бекиді.Қызметі: ортан жілікті сыртқа қарай бұрып аздап алшақтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет