1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


) Шынтақ шұңқыры, шынтақ шұңқырының жүлгелері, құрамы



бет83/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

71) Шынтақ шұңқыры, шынтақ шұңқырының жүлгелері, құрамы.
Шынтақтық аймағының алдыңғы бетінде шынтақ шұңқыры, fossa cubitalis айқын байқалады. Бұл шұңқырдың түбін иық бұлшықеті құрайды. Шынтақ шұңқырының медиалды және латералды қабырғалары ажыратылады, Медиальды қабырғасы: ішке бұрғыш жұмыр бұлшықетінен, m. pronator teres тұрса, латералдық қабырғасы: иық-кәріжілік бұлшықетінен, m.brachioradialisтұрады.
Сонымен қатар, шынтақ шұңқырыныңбүйір қапталына қарай тереңдей келіп, шынтақжүлгесі, sulcus ulnaris мен латералды кәріжіліктік жүлгені, sulcus radialis құрайды.
Шынтақ шұңқырының артқы бетінде, тоқпан жіліктің медиальды айдаршығы мен латералды айдаршығының және шынтақ жіліксүйегінің шынтақтық өсіндісінің аралығында:артқы шынтақтық медиальды жүлгесі, sulcus cubitalis posterior medialis; артқы шынтақтықлатералды жүлгесі, sulcus cubitalis posterior lateralis орналасқан. Шынтақтық медиалдыжүлгенің бойынан шынтақ жілік нерві, n. ulnarisөтеді.
Білектің алдыңғы бетінде, бұлшықеттердіңаралығында бойлай орналасқан: кәрі жіліктік,шынтақ жіліктік және орталық жүлгелер ажыратылады.
- Кәріжіліктік жүлге, sulcus radialis, олиық-кәріжілік бұлшықеті, m.brachioradialis менбүккіш кәріжілік-білезік бұлшықетінің, m.carpi radialisаралығында орналасқан. Бұлсала арқылы қол басына қарай бағытталған кәрі жілік артериясы, a. radialis, өтеді.
- Шынтақжіліктік жүлге, sulcus ulnaris,ол бүккіш шынтақ жілік-білезік бұлшықеті, m.flexor carpi ulnaris, мен саусақтарды бүккіш беткей бұлшықеттердің, m. flexor digitorum superficialis, аралығында орналасқан. Бұл саланың бойында өзі аттас қантамырлар мен нервтерөтеді.
- Орталық жүлге, sulcus medianus, ол бүккіш кәріжілік-білезік бұлшықеті, m. flexor carpi radialis, мен саусақтарды бүккіш беткей бұлшықеттің, m. flexor digitorum superficialis, аралығында орналасқан. Бұл жүлге арқылы орталық нерв, n. medianus өтеді.
Кәріжілік-білезік буынының маңында, білезік бұлшық еттерінің алдыңғы білезігінен, retinaculum flexorum, көлденең бағытта өтіп, кәріжілік-білезік көтеріңкі, eminentia carpi radialis, мен шынтақ жілік-білезік көтеріңкісіне, eminentia carpiulnarisбарып бекуіне байланысты, білезіктік сала, sulcus carpalis, білезіктік өзекшеге, canalis carpalis айналады. Бұл өзекше қолбасына қарай өтіп, кәріжілік-білезік саласына,sulcus carpi radialis және шынтақжілік-білезікжүлгесіне, sulcus carpi ulnaris бөлінеді.
- Шынтақжілік-білезік жүлгесі,sulcus carpi ulnaris, ол білектің шынтақ жіліктік жүлгенің sulcus ulnaris тікелей жалғасы болып саналады. Бұл жүлге арқылы шынтақ жіліктің қан тамырлары мен нервтері өтеді.
- Кәрі жілік-білезік жүлгесі, sulcus radialis, арқылы бүккіш кәріжілік-білезік бұлшықетінің, m. flexor carpi radialis сіңірі мен синовиалды қынабы орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет