87.Қатты таңдай және жұмсақ таңдай.
Таңдай(palatum)құрылысына қарай катты тандайдан(palatum osseum seu durum)және жүмсақ тандайдан(palatum molle)тұрады:
-катты тандай немесе сүйектік тандай, ол жоғарғы жаксүйектің таңдайлық өсіндісімен тандай сүйегінің горизонталді табакшасынан тұрады.
-жұмсақ таңдай доғашықтарының аралығында тандай бадамшаларының шұңқыршалары(fossulae tonsillares) арасында таңдай бадамшалары (tonsillae palatinae) орналаскан. Жұмсақ таңдайдың терең қабаты көлденең жолақты және дәнекер тінді табақшадан тұрады. Таңдайдың бұлшықеттері жұмсақ болады ол таңдай пердесінің негізін құрап, тамақты жұтканнан кейін, жұмсақ таңдайды томен бағыттап, жұткыншақтың мұрындық бөлігін ашып, мұрын қуысынан тазаланып, жылынып, ылғалдалған ауаны тыныс алу мүшелеріне карай бағыттаушы бұлшыкеттерден тұрады.
Жүмсақтандайдың бұлшықеттері:
1 .Тандай пердесін көтеруші бұлшықеттер:
а) Тандай пердесін көтеретін бұлшықtn (т. levator veli palatini) ол есту түтігінің шеміршектік бөлігінің сырткы тесігінен(ostium tubae auditivae)басталып, томен қарай бағыт алып, жұмсак тандайдың фиброзды табақшасына жалғасады. Қызметіне келетін болсақ: тамақты жұтқан кезде жұмсақ тандайды(palatum molle)көтеріп, жұтқыншақтың мүрыдық бөлігін жауып, есту түтігінің сырткы тесігін (ostium tubae auditivae) бітеп, дабыл қуысындағы қысымын арттырады.
ә) Таңдай пердесін керетін бүлшыкет(т. tensor veli palatini)ол да есту түтігінін шеміршектік бөлігінен басталып, томен бағытта сынатәрізді сүйектің медиалді табақшасының ілмегін(hamulus pterygoideus) сыртынан орай өтіп, жұмсақ таңдайдың фиброзды кабығына жалғасады. Қызметі: жұтқан кезде тамақты жұтқыншақтың мұрындық бөлігіне өткізбеу қызметін атқару.
88.Тіл, құрылысы, қызметі.
Тіл, lingua, бұлшықетті мүше. Орналасуы: ауыз куысының төменгі кабырғасына жақын тіласты безі, glandulae sublingualis, мен жақ—тіл астылык бүлшықеттың , м.mylohyoideus, үстінде . Тіл ауыз қуысының сілекей бездерінің секреті аркылы ұнтақталған, шыланған тамақты жүтыну актісі кезінде аран арқылы жұткыншакка өткізіп, сөйлеу және тамақтың дәмін анықтайтын күрделі мүше
Бөлімдері: тілдің ұшы, apex linguae, денесі, corpus linguae, және түбі, radix linguae. Тіл түбі денесінен шеқаралық сала арқылы, sulcus terminalis, шектелген. Тілдің дорзалді беті, dorsum linguae, мен. Тілдің сыртқы беті көпқабатты эпителиймен қапталған шырышты қабықтан тұрады. Тіл арқашығынын дәмін анықтайтын, жалпы сезімдерді және ыстық, суық сезімдерді кабылдайтын бірнеше бүртіктері болады.
Тілдің шырышты қабығының бүртіктері:
1.Тілдің жіптәрізді және конустәрізді бүртіктері, papillae fdiformes et papillae conicae, тілдің бүкіл дорзалді бетін жауып, тіл ұшынан түбіне дейін орналасқан. Жіптәрізді және конустәрізді бүртіктердің негізгі қызметі: жалпы сезімдерді (сипап- сезу, ыстык-суық, ауру және қысым) қабылдау.
2. Саңырауқұлақтәрізді бүртіктер, papillae fungiformes тілдің бүйір беттерінде, аркашығында шашыранды түрде, тіл ұшында топталып орналасканКызметі: тамақтың тәтті және қышқыл дәмін анықтау.
3. Науашыктәрізді бүртіктер, papillae vallatae, бүртіктердің жалпы саны 7 - 12-дей. олар тіл түбінің маңында бүрыш құрап орналасқан. Науашықтәрізді бүртіктердің көлденең ені 2-3 мм- дей. Бүртіктердің үшында дәм сезгіш рецепторлар орналасқан. Қызметі: дәмді сезу.
4. Жапырақтәрізді бүртіктер, papillae foliatae, олар тілдің бүйір кабырғаларында орналаскан. Қызметі: тұзды, тәтті сезімдерді қабылдау.
Тілдің шырышты қабығы тіл түбіне қарай өтіп, копқабатты эпителиймен қапталған шырышты кабыққа жалғасады. Тіл түбінің шырышты қабығын кұрап, көмейдің бөбешігіне, epiglottis, қарай өтіп, ортаңғы тіл— бөбешік катпарын, plica glossoepiglottica mediana, және латералді тіл — бөбешік қатпарын, plica glossoepiglottica lateralis, аралығында орналаскан қорғаныш кызметін аткаратын тілбөбешік калтасын құрайды. Тілдін төменгі бетінің шырышты қабығы бұрыш кұрап орналаскан шашақтәрізді екі катпарды кұрайды. Шашақтәрізді қатпарлар, тіл ұшында бұрыш құрай тұйісіп, ауыз қуысының түбінде алшақтай өтіп, аралығында тіл жүгеншігін, frenulum linguae, кұрайды. Тіл жүгеншігінің төменгі бөлігінің бүйір қапталында, тіласты бүртігі, caruncula sublingualis, орналаскан. Бұл бүртіктің артқы бүйір капталында, тіласты сілекей безінің меншікті түтіктері ашылатын тіласты қатпары, plica sublingualis, орналаскан. Тіл бұлшықеттері, musculi linguae, колденең-жолақты ерікті бүлшықеттерден түрады
89.Шықшыт, төменгі жақасты, тіласты сілекей бездері, орналасуы, құрылысы, шығару жолдары.
Достарыңызбен бөлісу: |