84.Ауыз қуысы, бөлінуі, шекаралары, құрамы. Ауыз куысы(cavum oris) топографиялық орналасуына қарай ауыз кіреберісі, (vestibulum oris)мен меншікті ауыз куысына (cavum oris propria)бөлінеді. Қызылиек(gingiva) ауыз қуысының шырышты қабығының туындысы. Қызылиектің ұшы, денесі бар,тістің мойыны мен қызылиектің аралығында қызылиектік қал- ташалар орналаскан. Ұрт ауыз кіреберісінің сыртқы бүйір қабырғасын құрайды. Ұрттың терен қабығы үрт бұлшықетінен(т. Buccinator) сырткы беті терімен, ішкі беті көпқабатты эпителиймен капталған шырышты қабықтан тұрады. Ауыз куысының меншікті бөлігі(cavum oris propria)ол жоғарғы жағынан жұмсақ және катты таңдаймен, төменгі жағынан ауыз қуысының диафрагмасын кұраушы төменгі жақ-тіласты бұлшықетімен шектеледі. Ауыз куысының кұрамы: тіл мен тістер, бадамшалар және ауыз куысының сілекей бездері.
85.Тістер : сүт тістер, тұрақты тістер, дамуы, олардың құрылысы, формуласы. Тістер( dentes)шайнау және сөйлеу аппаратының негізгі бөлігі болып келеді. Барлық тістер кұрылысы жағынан бірдей,Tiс сауытынан(corona dentis)мойнынан, (cervix (collum) dentis) және түбірінен(radix dentis) тұрады.
Тістердің әрбір қатары симметриялық орналасады 2 күрек, 1 ит, 2 кіші азу тіс, 3 үлкен азу тістер. Тістердің бір жағындағы бөлігін санмен белгілейтін болсак: 2,1,2,3 деп белгілейміз, әрбір сан тістердің санын көрсетеді. Тістердің сан түрінде белгіленген түрі тістердің формуласы деп аталады. Ересек адамдардьщ тұрақты тістерінің жалпы формуласы: 3212-2123 3212-2123 Тістердің бұл формуласында горизонталді сызыктың жоғарғы бөлігінде жоғарғы жақ сүйектің тістері белгіленген болса, төменде төменгі жақсүйектің тістері, оң және сол жақ болып бөлінеді.
Сүт тістердің(dentes decidui)тұрақты тістерден айырмашылығы: жалпы саны-20, кіреукенің түсі көгілдір келген болады, көлемі түрақты тістерге қарағанда екі есе кішілеу. Tiс сауыты тіс түбіріне қараганда үлкендеу, тіс түбірлері қысқалау келіп алшақтау орналаскан. Сүт тістерде: кіші азу тістер мен үлкен үшінші азу тістер болмайды. Олардың тұрақты тістерге алмасуы 7-8 жастан басталып, 17-21 'жаста аяқталады. Сүт тістердің жалпы формуласы: 2012-2102 2012-2102 Күрек тістің(dentes incisivi)сауытының сыртқы пішіні кашауға немесе күрекке үқсап орналаскандықтан күрек тіс деп аталады. Жоғарғы жақсүйек күрек тістері сауытының колемі төменгі тістің күрек тістеріне қарағанда үлкен болып келеді,түбірінің сыртқы пішіні конустәрізді, бүйір беттері қысыңкылау. Күрек тіс, медиалді және латералді орналаскан екі тістен тұрады.