1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет114/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

Үйқыбез, pancreas, асқазан артында regio epigastrica-да артқы іш қабырғасында жатады, сол бөлігімен сол жақ қабырғаастына еніп түрады. Артқы жағынан төменгі қуыс венаға, сол жақ бүйрек венасы мен қолқаға жанасып жатады. Үйқы безінің басы - caput pancreatis, ілмектәрізді өсіндісі, processus uncinatus және денесімен, corpus pancreatis, қүйрық, cauda pancreatis, деп бөлінеді. Бездің басы он екі елі ішекпен қамтылып, I бел омыртқа мен II бел омыртқаның жоғарғы бөлігі деңгейінде орналасады. Оның денемен шекарасында терең тілік, incisura pancreatis (тілікте а. және v. mesentericae superiores жатады), ал кейде мойын түрінде жіңішкерген бөлігі болады. Дене призма пішінді, үш беті бар: алдыңғы, артқы және төменгі. Алдыңғы беті, facies anterior, ойыс жөне асқазанға жанасып жатады; әдетте бастың денемен қосылатын жеріне жақын шарбылық темпе, tuber omentale, деп аталатын кіші шарбы жаққа қараған дөңес байқалады. Артқы беті, fa cies posterior, артқы іш қабырғасына қараған. Төменгі беті, facies inferior, төмен жене сел алға қарайды. Үш беті бір-бірінен үш жиек арқылы бөлінген: margo superior, anterior және inferior. Жоғарғы жиекпен, оның оң жақ бөлігінде a. hepatica communis өтеді, ал солға қарай жоғарғы жиек бойымен көкбауырға келетін көкбауыр артериясы созылып жатады. Без оңнан солға қарай біраз көтеріледі, сондықтан оның қүйрығы бастан жоғарылау орналасып, көкбауырдың төменгі бөлігіне жатады. Pancreas-тың қапшығы болмайды, сондықтан оның үлесті қүрылысы бірден көзге түседі. Бездің жалпы үзындығы 12-15 см.
Ішастар pancreas-тың алдыңғы және төменгі беттерін жауып жатады, оның артқы бетінде ішастар мүлдем болмайды. Ұйқыбез түтігі, ductus pancreaticus тік бұрышпен дерлік келіп қүятын көптеген тармақтарды қабылдайды. Ductus choledochus-пен қосылып, түтік онымен ортақ тесік арқылы papilla duodeni major-ца ашылады. Ductus pancreaticus пен duodenum арасындағы мүндай тығыз байланыс атқаратын қызметінің 407маңызымен (duodenum ішіндегі асты ұйқыбез сөлімен өңдеу) қатар, ұйқыбезі мен он екі елі ішектің бірінші ішектің бір бөлігінен дамитындығына да байланысты. Негізгі түтіктен басқа тұрақты дерлік қосалқы түтік, ductus pancreaticus accessorius, болады, ол papilla duodeni minor-да ашылады (papilla duodeni major-дан 2 см-дей жоғарылау). Кейде қосымша ұйқыбез, pancreas accessorium, байқалатын жағдайлар кездеседі. Duodenum-ді қысатын сақина пішінді pancreas та кездеседі.
Құрылысы. Ұйқыбезі құрылысы жағынан күрделі альвеолды бездерге жатады. Онда екі құрам бөлігін ажыратады: бездің негізгі массасының сыртқы секреттік қызметі бар, ол секретін шығару түтігі арқылы он екі елі ішекке қүяды; бездің аздау бөлігі ұйқыбез аралшықтары, insulaepancreaticae, деп аталатындар түрінде эндокринді түзілістерге жатады, олар қандағы қант мөлшерін реттейтін инсулинді (insula аралшық) қанға бөліп шығарады.

104.Құрсақ қуысы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет