1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Іш (құрсақ) қуысы Іш (қүрсақ) қуысы, cavitas abdominalis



бет115/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

Іш (құрсақ) қуысы Іш (қүрсақ) қуысы, cavitas abdominalis, немесе гректің құрсақ, lapara, деген сөзінен алынған. Лапаротомия операция кезінде құрсақты жару деген мағынаны білдіреді. Іш қуысының жоғарғы қабырғасы көкетпен, алдыңғы бүйір қабырғасы іш бұлшықеттерімен, артқы қабырғасы бел омыртқалармен және үлкен бел бұлшықетімен, т. psoas major, шаршы бұлшықетімен, т. guadratus lumborum, шектеледі. Жамбас астау қуысына келсек, cavitas p elvis, артқы кабыргасы сегізкөз сүйегінің алдыңғы бетімен және алмұрттәрізді бүлшықетпен, т. pirifomis', алдыңғы және бүйір қабырғалары жамбас сүйегімен және ішкі жапқыш бұлшықетпен, т. obturatorius intemus, және оның фасциялдык қабықшасымен шектеледі. Төменгі қабырғасы тік ішекті көтеруші бүлшықет, mm. levatores ani, пен кұйымшақ бүлшықеттерімен, mm. coccygei, шектеледі. Іш куысы мен жамбас астау қуысының ішкі беті тұйық фасциялдық кабықшамен жабылған. Фасциялдық қабықша, топографиялық орналасуына қарай мүшелердін бетін жауып орналасқан мүшелердің атымен аталады. Сонымен катар, іш қуысындагы мүшелердің куыска қараған беті, қозғалыс кезіндегі үйкелесті жеңілдету үшін сірлі қабықпен немесе ішастармен, peritoneum, жабылған. Іш куысының арткы қабырғасында орналаскан мүшелер көпшілік жағдайда даму кезінде, ішастардың астынан кұрсақ қуысына қарай ығысып, ішастарды өзімен бірге тартып: жалғамаларды, ligamentum; катпарларды, plicae; шұнкырларды, fossae; шажырқайларды, mesenterium et mesocolon', үлкен жэне кіші шарбырларды, omentum majus et minus; қаптарды, bursa; және т.б. ішастардың туындыларын құрайды. Ішастардың әрбір туындылары, ішастарды жекелеп талдаған кезде толық баяндалады (ішастарды қараңыз).
112.Ерлер мен әйелдердің жамбас қуысы ішпердесінің анатомиясы, жас шамалық ерекшеліктері.
Ішастар,peritoneum, ішкуысындағымүшелерді тұйық жауып орналасқан сірлі қабық. Тек қана әйел адамдарда бұл сірлі куыс жатыр түтігінің тесігі арқылы сыртқы ортамен байланысқан.
Ішастар топографиялық орналасуына қарай: париеталді бөлікке, peritoneum parietalis, және мүшелердің бетін тікелей жауып орналасқан, мүшелік немесе висцералді бөлікке, peritoneum viscerale, бөлінеді. Ішастардың париеталді және висцералді бөліктері бір-бірімен өзара беттесіп, саңылау түрінде орналасқан куыс, ішастарлық қуысты, cavitas peritonei, түзеді. Аралығындақозғалыс кезінде ішкі мүшелердің беттерінің үйкелістерін жеңілдету үшін ылғалдауға сірлі сұйықтық орналасқан.Ішастардың париеталді табағы, іш қуысының алдыңғы, артқы және бүйір қабырғаларын, көкеттің ішкі бетін жауып, шұғыл бұрылып, ішастардың висцералді бөлігіне жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет