69. Адамның биометриялық белгісіне негізделген әдістер.
Биометрия – бұл адамды бірегей физиологиялық немесе мінез-құлық сипаттамаларына негізделген сәйкестендіру әдістері мен құрылғыларының жиынтығы. Биометриялық әдістер мыналарды қамтиды: саусақ ізін алу; көз торын анықтау; бет әлпетті тану, дауысты тану; қолжазбаны тану.
Бұл жобаның мақсаты – жасанды интеллектіні пайдалану арқылы дауысты тану. Сонымен қатар оны нақты уақыт режимінде бақылау функциясын орындайтын қосымшаны іске асыру.
70. Киберқауіпсіздік және Интернетпен басқару
Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар түрлі елдер мен континенттердің адамдарына қызықтырушы мәселелерді нақты уақыт режимінде талқылауға мүмкіндік береді. Заманауи ақпараттық тех- нологиялар тікелей оқиғалар орнынан немесе қатысқан адамдардан ақпаратты алуға көмектеседі. Бірақ осы ерекшеліктердің арқасында ақпараттық технологиялар заңсыз контенттің таралуы, SPAM хабарла- маларды жіберуді қоса алғанда, қарама-қайшы әрекеттерді жасау үшін ақпараттық жүйелердің осалдығын қолдану сияқты әр түрлі теріс құбылыстарды дамыту үшін бірегей орта болып табылады.
Қазіргі кезде интернеттегі киберқауіпсіздік жағдайы үлкен қауіп туғызуда.
Әр түрлі экстремистік топтар мен террористік ұйымдардың интер- нет ресурстарын қолдануын да атап өткен жөн. Өкінішке орай, әр түрлі пиғылдағы секталар да заманауи технологияларды елемейді емес. Бұл түрдегі киберқылмыскерлер ақпараттарды және әлеуметтік желілердің сервистерін жаңа ізбасарлар мен орындаушыларды тарту үшіг қолданады.
Қазіргі кезде киберқауіпсіздіктің келесі мәселелерін бөліп қарас- тырған жөн:
1) Оnline-коммуникациялар кезінде балаларды қорғау.
2) Экстремизмді тануға, ұлтаралық өшпенділікті тұтандыруға
қарсы тұру.
3) Авторлық құқықтарды қорғау.
4) Электрондық төлемдер мен сауда келісімдерінің қауіпсіздігін
қамтамасыз ету.
5) Спамды жіберуге қарсы тұру.
6) Заманауи желілік технологияларды қолдану арқылы ұрлық
жасауға қарсы тұру.
7) Желілік өзара әрекет етуде жеке өмір құпияларын сақтауды
қамтамасыз ету.
Интернет жаһандық ауқымдағы көпшілік ресурсқа айналды, және
оны қолдануды басқару ақпараттық қоғамның күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі болып табылуда. Интернетті қолдануды басқару халықаралық деңгейде мемлекеттік басқару органдарының, жеке сектордың, азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдардың толық қатысуымен көптарапты, айқын және демократиялық негізде жүзеге асырылады. Бұл басқару ресурстарды әділ бөлуді қамтамасыз етеді, барлығына кіруге ықпал етеді, көптілдікті еске отырып интернетті тұрақты және қорғаулы қызмет етуіне кепілдік береді. Интернетті қолдануды басқару техникалық мәселелерді, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың мәселелерін де қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |