1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып



бет11/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

Техникалық нормалар. Әлеуметтік нормалардың бір түрі ретіндеадамдардың техникамен табиғатты игеруде қабылданған нормалардың жиынтығы. Бұл нормаларды қолдану ғылыми-техникалық прогресс дамыған сайын арта түседі. Табиғаттың Құпия заңдарын ашу және оны адам игілігіне пайдалану тари­хи дамудың талабы болып табылады. Сонымен қатар техникалық нормаларды сақтамау адамзатқа өлшеусіз зардаптар туғызуы мүмкін. Мысалы, атомды бейбіт өмірде пайдалану барысында бекітілген техникалық нормаларды сақтамау электростанциясының жарылуына әкеп соқтырып, радиацияның таралуынан зардаптардың болуы және т. б. Техникалық нормалар экологиялық, техникалық құралдарды пайдаланудағы нормалар, санитарлық-гигиеналық, агрономиялық және т.б. нормаларға бөлінеді. Техникалық нормаларды сақтау және оларды бұлжытпай орындау өмір талабы және оларды бұзу үлкен катастрофаларға әкеп соғуы мүмкін.


Мәтіннің интерпретациясы:
1.Мәтін бойынша сөздікпен жұмыс (күрделі сөздерді ажырту)
2.Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастару(тыныс белгілерін нақтылау)
3. Мәтіннің бойынша тезис құрастыру
4. Мәтінді пайдалана отырып, тапсырмалар құрастыру (лексика-грамматикалық)
5. Мәтіннің мазмұнын ауызша айту / мәтінді орыс тіліне аудару


ОСӨЖ тапсырмасы: Мәтін тақырыбына сәйкес мәліметтер қарастыру/монолог құрастыру


Қарапайым деңгей (А1)
2-апта
Өзім туралы.
Дыбыстардың жіктелуі. Үндестік заңы.


Отбасы – шағын мемлекет
Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйлас-тық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы мықты, берік болады. 
Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де, тәрбиелі ұрпақ – отбасы мен мектептен алған үлгі-өнеге жиынтығының жемісі.
Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге байланысты.
Біз мықты отбасын алып бәйтерекке теңесек, тәуелсіз еліміздің символы ретінде көкке шаншылған «Бәйтеректі» айтамыз. Ол самұрық құстың алтын жұмыртқасын аспанға көтерген алып киелі ағаш – бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған ұлы мақсат көрінісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет