9. ОСӨЖ тапсырмасы.
І. «Сәлемдесу» мәтіні бойынша келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:
1) Адамдардың бір-біріне лебіз бірдіруі неден басталады?
2) «Сәлемдесу» туралы не айтасыздар?
3) Сәлемдесудің басты шарты не?
4) Сәлемдесуді дұрыс қабылдамайтын адам туралы не айтасыз?
5) Сәлемдесудің қандай түрлерін білесіз?
6)Жасы үлкен ер адамға қалай амандасу керек?
7)«Ассалаумағалейкум» деген қандай мағынаны білдіреді?
2. Сөйлеп жаттығамыз
1) - Сәлеметсің бе, Аманжол?
- Сәлеметсің бе, Әлия?
- Қалың қалай?
- Жаман емес. Рақмет!
- Сау бол!
- Қош-сау бол!
2) - Сәлеметсіз бе, Гүлжан?
- Сәлеметсіз бе, Сымбат?
- Қал-жағдайыңыз қалай?
- Құдайға шүкір. Сіздің денсаулығыңыз қалай?
- Рақмет, жаман емес.
- Қош-сау болыңыз, Сымбат!
- Кездескенше!
1 апта
Жоғары деңгей
Адам және руханият
Грамматиалық тақырып: Күрделі сөздердің жазылуы, тыныс белгілері
Лексикалық тақырып: Қоғамдағы әлеуметтік нормалар мен ережелер. Жалпыазаматтық құндылықтар. Адамның жеке тұлғалық әлеуеті.
Күрделі сөздердің жазылуы, тыныс белгілері
1.Біріккен сөздер — екі түбірдің бірігуі арқылы жасалатын күрделі сөздер.
Оларды бірнеше топқа бөлуге болады:
а) екі компоненті бірігіп, ортақ мағына пайда болады. Мысалы, ақбоз, алтыбақан, басқұр, еңбеккүн;
ә) әр компонент ортақ екпінмен айтылып, екі сөз бірігеді, соның нәтижесінде сөз құрамы түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, алөкпе (ала+өкпе), алауыз(ала+ +ауыз), жамбас (жан+бас), күздігүні (күзді+күні), қайнаға (қайын+аға), т.б.
Кейбір Біріккен сөздердің құрылымы тарихи даму барысында танымастай өзгеріп, кіріккен сөздерге айналған. Мысалы, әкел (алып+кел), бүгін (бұл+күн), ағайын (аға+ +іні), білезік (білек+жүзік).
Біріккен сөздердің өзіне тән графикалық ерекшелігі бірігіп жазылу не дефис арқылы жазылады. Біріккен сөздер негізінен, сөз тіркесінен туатындықтан, олардың құрама бөліктерінің өзіне тән тіркесу тәсілдері бар:
салалас тіркескен Біріккен сөздер (компоненттері тең дәрежеде): біртұтас, желмая, қолхат, жолсерік, өнеркәсіп, ақсары, т.б.);
сабақтаса тіркескен Біріккен сөздер (компоненттерінің арасында басыңқы, бағыныңқы қатынас, көбінесе, анықтауыштың не толықтауыштың қатынасы болады): алабұға,қолөнер, жиһанкез, қоғамтану, алжапқы, жанашыр, т.б.
Екі компоненттің бірігуі арқылы пайда болған Біріккен сөздерді сөзжасамның бір тәсілі деп қарауға болады. Олар әр түрлі мағына береді:
адам, зат, өсімдік, жануар, ұғым атауы. Мысалы, бой+жеткен, қол+жазба, қой+бүлдірген, ақ+құман, алты+атар, алты+бақан, т.б.
экспрессивті ауыспалы мағына. Мысалы, ақ+жүрек, ақ+ +көңіл, ақ+сүйек, ала+ауыз, алып+сатар, арам+тер, ашық+ауыз, бақ+құмар, басы+байлы, бет+ашар, қаңғы+бас, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |