1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып



бет5/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

Қосарлап қос сөздер


Екі түбірден қосарланып жасалған қос сөзді қосарлама қос сөз дейді, мысалы: аяқ - табақ, құрт-құмырсқа және т.б.
3.Номенклатуралық тіркес - белгілі бір мамандықта қолданылатын атаулардың, терминдердің тізбесі немесе жиынтығы.
Номенклатура - 1) қағидалар және ережелер жүйесі көмегімен нысандар атауы немесе олардың ғылыми суреттеуі құрылады; 2) атаулар тізімі
Номенклатура - басқарушы лауазымдардың тізімі, оларға тағайындауды жоғары тұрған орган жүзеге асырады.

Істер номенклатурасы


Мекемеде сақталу мерзімдері көрсетілген барлық істер (құжаттар папкасы) атауларының тізбесі.

4.Атаулы тіркес -тіл білімінде бір ғана мағына білдіріп, бір сөздің орнына жұмсалатын сөз тіркестерінің ғылыми атауы. Олар — бір жағынан еркін (синтаксистік) сөз тіркестеріндей бөліп-жаруға келмейтін, құрамына енген сөздер синтаксистік қатынасты білдірмей, сөйлеу процесінде тумай, қалыптасқан құрамы мен тұлғасында қолданылып, бір бүтін ретінде қабылданылатын, екінші жағынан, фразеол. тіркестердей құрамындағы сөздердің грамматик. байланысы мен орны тұрақты, бірақ экспрессивті-эмоционал. және идиомдық сипаты, стильдік бояуы жоқ тұрақты тіркестер. Беретін мағынасы жағынан, негізінен, заттың я құбылыстың атауы болғандықтан, А. т. деп аталады, мысалы, темір жол, еңбек кітапшасы, ашық хат, күн тәртібі, кәмелеттік аттестат, Қиыр Шығыс, бас киім т. б. — бір ғана ұғымның атауы.


5.Қысқарған сөздер Кез келген сөз қысқартыла бермейді, тек күрделі атаулар қысқарады. Күрделі атауларды шартты түрде қысқарту арқылы жасалған сөздер қысқарған сөздер деп аталады.
Орыс тілінде қысқарған сөздер өте көп, қазақ тілінде одан әлдеқайда аз.
Қысқарған сөздер төрт түрлі жолмен жасалады:
1.Күрделі атаудың әр сөзінің басқы дыбысы алынады: АҚШ – Америка Құрама штаттары, БҰҰ – Біріккен Ұлттар ұйымы, ҚХР – Қытай Халық Республикасы; Бұған тек өлшем атаулары бағынбайды: м – метр, кг – килограмммм – милиметр, г – грамм т.б.
2.Күрделі атаудың бірінші сөзінің алғашқы буыны және қалған сөздерінің басқы дыбысы алынады: ҚазМПУ – Қазақтың Мемлекеттік Педагогикалық Университеті, ҚазМУ – Қазақтың Мемлекеттік Университеті.
3.Күрделі атаудың әр сөзінің алғашы буындары алынады: ауатком – аудандық атқару комитеті.
4.Күрделі атаудың алғашқы сөзінің алғашқы буыны алынып, келесі сөз түгел айтылады: педучилище, мединститут.
Қысқарған сөздердің бұл айтылғандардан басқа ТУ-114, АН-24, см,км, мм,дм т.б. сияқты түрлері бар.
Қысқарған сөздердің құрамындағы әріптердің, буындардың, буын мен сөздердің араларына ешқандай белгі қойылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет