Ортадан жоғары деңгей (В2) 6-апта Су тіршілік көзі. Салыстыру, күшейту, мағынасының берілуі. Су — тіршілік көзі, табиғатта ең көп таралған зат. Су Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді, табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді.Тірі ағзалардың 60-70 %-ы , ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады. Су — тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі. Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді екен. Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады.Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады.
Салыстыру,күшейту мағынасының берілуі Салыстыралық, сын есім мен зат есімдердің лексикалық мағыналарынын дербестігі бірдей еместігі анық. Сын есімдер мағына жағынан зат есімдерге байланысты анықталады. Оқулықтарыңызда сын есімдерге анықтама бергенде заттың, сынын, түсін, сыр-сипатын, ішкі қасиетін білдіретін есім сөздердің тобын айтамыз деп көрсетеміз; Демек сын есімнің мағынасында, аз болса да, зат есімге тәуелділік бар. Ал есімдіктердің мағынасын анықтауда мүлде басқа принцип ұсынамыз. Мен, сен, ол, анау, мынау, қанша, неше, кім деген сөздерді мағынасына қарай бір топқа енгізіп есімдік деп атау мүлде қиын. Олардың басын қосып тұрған нәрсе — орынбасарлық, басқа сөздердің орнына қолдану қызметі. Бірақ сөздердің сөйлемдегі кызметі мен сөздердің лексикалық мағынасы бір нәрсе еместігін де есепке алу керек. Мен, сен, ол деген есімдіктердің лексикалық мағынасы — айтушы, талдаушы, бөгде жақтарды білдіруі. Коммуникативті негізде пайда болған тіркестер, алғаш салыстырып қолданылуы, біртіндеп салыстыру қасиетінен айырылуы да мүмкін. Мұндай теңестіру нәтижесінде сөздерде жалпы мағына, жаңа функциялар пайда болады. Мысалы, Ішім өлген, сыртым сау (Абай). Іш пен сырт сөздерінің антоним екендігі анық, бірақ өлім мен сау антоним емес. Өлі сөзінің антонимі — тірі, саудың антонимі — ауыру. Абай өлеңінде ол антонимдік мәнді шендестіре қолданылып тұр.
1-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
Адамзат та, табиғат та сусыз өмір сүре алмайтындығы ақиқат шындық. Бірақ әлем халқы көбейген сайын, экология мәселесі туындаған сайын таза су тапшылығы да байқала бастады. Бұл әсіресе Орта Азия елдеріне тән құбылыс. Сейсенбі күнгі бүкіләлемдік су күнінде міне осы аса маңызды мәселе жөнінде үлкен де, келелі сөз, пікір, ұсыныстар айтылды. Сусыз тіршілік өмір жоқ. Адамның десаулығы, қоршаған ортаның берекесі тікелей таза суға байланысты. Табиғат биосферасы, азық-түлік өндірісі, және әлемдік экономикалық даму түгелдей дерлік суға байланысты. Бірақ күншуағы қандай еркін тараса судың да еркін қолдануы, ысырапшылықпен қолдануы кесірінен экологиялық апаттардың кездесуі аз емес. Оған әлемдегі ең үлкен көлдердің бірі Арал теңізінің суалғандығы айқын дәлел.
2-тапсырма Су туралы ырымдар, мақал-мәтелдер, тиым сөздерді толықтырыңыз.
— …..түкірме.
— Түнде ….. бетін ашық қалдыруға болмайды.
— …… жер, тұрақты жер.
— …. жер — нұрлы жер.
— ….. өмір тұссыз аспанмен тең.
— .. — дүниенің басы.
— .. — табиғат ажары.
— .. — тазалық досы.
— ….. өмір жоқ.
3-тапсырма.Төмендегі сөздерді пайдалана отырып сөйлем құраңыз.
1. қиынның қиыны,
2. аса өтірік мәселе,
3. кең байтақ өлке
4. ұлан асыр дала
5. қазыналы қарт