1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып



бет10/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

Корпоративтік нормалар. Мемлекетте арнайы тіркеуден өткен қоғамдық ұйымдар, партиялар және басқа да үкіметтік емес ұйымдардың жарғылары негізінде қызмет атқаратын заңды тұлғалар мүшелерінің арақатынастарын реттейтін нормалар.
Корпоративтік нормалар:
а) Бекітілген жарғы негізінде қалыптасады.
ә) Қабылдаған нормалар Конституцияға қайшы болмауы ка­жет.
б) Нормалардың реттеу шеңбері мен қолданылуы тек ғана ұйым мүшелеріне ғана қатысы бар.
Құлықтылық (моральдық) нормалар. Қоғамды реттеу қабілеті кең, барлық индивидтерге қатысы бар және сол тарихи қоғамда қабылданған ізгі-ниеттілік, адамгершілік сияқты құндылықтарды өмірдің қажеттілігіне айналдырған нормалардың жиынтығы. Құлықтылық нормаларға мынандай сипаттар тән:
Тарихи даму барысында таптық қоғамның ерекшеліктеріне байланысты қальштасады. Құл иеленушілік мемлекеттегі құлықтылықтың талаптары қазіргі заманның құндылықтарына сай келмейді. Мысалы, Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ қоғамында саудамен айналысу, алыпсатарлық ісімен шұғылдануды қоғамдық көзқарас жағымсыз қасиет деп қабылдады. Ал, қазіргі көзқарас мүлдем басқа.
Құлықтылық нормаларды іс жүзіне асыру — тек сендіру арқылы болатын құбылыс.
Реттеу шеңбері бойынша құлықтылық нормалар құқық нормаларына қарағанда өмірдің барлық саласын қамтиды.
Құқықтық нормаларының теориялық негізін этика құрайды.
Қоғамда қабылданған құлықтылық нормалар жеке адамдардың мінез-құлықтарын бір қалып көзқарасымен қабылдайды. Одан тысқары қимыл-әрекеттер қоғамдық санамен айыпталады. Мысалы, автобуста қарт адамдарға орын беру, немесе бермеу және т.б. көптеген әрекеттер.
Кұлықтылык қоғамдық тәртіпті сақтаудың ең негізғі қағидаларының бірі. Г.В.Ф.Гегельдің пікірі бойынша «Құлықтылық дүниеде мейірімділіктің үстемдік етуі». Мейірімділікті қалыптастыру құқықтық сананың клеткалық дәрежесінде иман, ұят ұғымдарын ең қажетті құндылықтар ретінде қабылдау. Одан ауытқып кетуді индивидтің ішкі сезімі айыптауы тиіс. Ондай болмаған жағдайда құлықтылықтың санаты еш уақытта мейірімділік дәрежесіне көтерілмейді. Мейірімділікті қалыптастыруда ислам дінінің рөлі өлшеусіз және әлі де тәрбиенің ең тиімді құралы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет