1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


-тапсырма. Қосымшасы дұрыс жалғанған сөздерді анықтаңыз



бет13/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

4-тапсырма. Қосымшасы дұрыс жалғанған сөздерді анықтаңыз.
Адамдар, адамдер, адамлар, адамтар
үйдер, үйтер, үйлер, үйлар
әкесе, әкеси, әкесі, әкесы
жазде, жазла, жазда, жазта
міндетлер, міндетлар, міндеттер, міндетдер


СӨЖ: Отбасы ынтымағы туралы мәліметтер жазыңыз.
ОСӨЖ: «Менің отбасым» тақырыбына эссе жазыңыз.
Базалық деңгей (А2)
2-апта
Мен және қоршаған орта
Үндестік заңы. Жалғаулар мен қосымшалардың үндестік заңына сәйкес жалғану ерекшеліктері және емлесі. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар.
Бүгінгі күні адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы күрделенді. Адам – табиғаттың бір бөлшегі. Табиғат, Жер-Ана, Отан, туған жер, атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір-бірімен мағыналас, мазмұны бай сөздер. Адам – Жер-Ананың перзенті. Табиғатты, Жер-Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, қоршаған ортаны аялау, және оны қорғау қазіргі және болашақ ұрпақтың өмірі мен келешегі үшін маңызы орасан зор. Қоршаған ортаны сақтау үшін өндіріс орындарында жоғары сапалы тазартқыш қондырғылар орнатылу керек. Суды үнемді, тиімді пайдалану керек және су көздерін сақтау керек. Қазба байлықтары да орны толмас табиғат ресурстарына жатады. Өсімдіктер, соның ішінде, орман – орны толмас табиғат байлықтарының бірі. Оларды да тиімді пайдалану қажет. Адамдар жануарлар әлеміне де көп көңіл бөлуге тиіс. Табиғатсыз өмір жоқ. Табиғат – тіршілік көзі. Табиғатқа жасаған зиян – өзімізге жасаған қастандық. Мысалы, 1966 жылы біздің елімізде «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» құрылды. Оның басты мақсаты – саны азайып бара жатқан, аң-құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа тіркеу. Бұл кітап «Қызыл кітап» деп аталады. Оның қызыл және сары парақтары болады. Қызыл парағына құрып бара жатқан, ал, сары парағына азайып бара жатқан аң, құстар, өсімдіктер тіркеледі.


Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
Қазақ тіліндегі қосымшалар негізінен буын үндестігіне бағынып жалғанғанымен, біраз қосымшалар бұл заңдылыққа бағынбайды. 
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар мыналар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет