Дыбыстардың жіктелуі. Үндестік заңы.
Қазақ тілінде дыбыстар сөз ішінде, сөз бен қосымшаның немесе сөз бен сөздің арасында бір-бірімен үйлесіп, айтылу жағынан біріне-бірі ықпал етіп жақындап отырады.
Сөз ішіндегі, сөз бен қосымша және сөз бен сөз арасындағы дыбыстардың бірімен-бірі ұқсауын үндестік заңы (сингармонизм) дейміз. Қазақ тілінде үндестік заңы екі түрлі:
1) буын үндестігі (дауысты дыбыстардың үндестігі);
2) дыбыс үндестігі (ассимиляция, дауыссыз дыбыстардың үңдестігі).
Қазақ тілінің дыбыстары сөз ішінде және сөз бен қосымшаның, сөз бен сөздің арасында бірімен-бірі үйлесіп, ыңғайласып келіп отырады. Түбір буынның жуан не жіңішкелігіне қарай қосымшаның дыбыстары да жуан не жіңішке болып айтылып тұрады. Мысалы: балалар (балалер емес), үйлер (үйлар емес), ауылға (ауылге емес), көшеде (көшеда емес), т. б.
Қазақ тіліндегі қосымшалар сөздің соңғы дыбысының сипатына қарай бейімделіп жалғанады: мектепте (мектепде емес), үйге (үйке емес), жазда (жазта емес), т. б. Сөйтіп, сөзді бастан-аяқ біркелкі әуезбен айтуды үндестік заңы деп атаймыз.
1-тапсырма. Отбасы туралы төмендегі мақалдарды толықтырыңыз.
Ананың көңілі – балада, ..... ..... ......
Тәрбие басы – ...
Ұяда не көрсең, ....... ... .....
Балалы үй базар, ..... ... .....
Ата көрген оқ жонар , ... ..... ... ....
.... – ананың бауыр еті, көз нұры.
Әке – асқар тау, .... – ....., ..... – ....... .....
Қажетті бөлігі: ана көрген тон пішер; ұшқанда соны ілерсің; тал бесік; баласыз үй қу мазар; бала; баланың көңілі далада; ана – бұлақ, бала – жағасындағы құрақ.
2-тапсырма. Сұрақтарға жылдам жауап беріңіз.
1.Балдан тәтті не?
2.Қара шаңырақ иесі кім?
3.Үйдегі алтын адам кім?
4.Бес дұшпанды атаңдар?
5.Үш арсызды ата?
6.Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата?
3-тапсырма. Өлеңдегі көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны тауып қойыңдар.
Ана тіл... –
Алтын ұям, құндағым,
Ақ бесік... әлдиің... тыңдадым.
Сенің жаз..., сенің ән... айтарым,
Санам сөніп,
Байланғанша тіл-жағым!
Ана тілім –
Дана тілім, бақ тілім,
Сен... бақыт дүниеден тап... кім?
Сенсің менің қасірет..., шаттығ...,
Сен... менің тазалығым, пәктігім.
Достарыңызбен бөлісу: |