1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


-тапсырма Келер шақ етістіктерді тауып, түрлерін анықтаңыз



бет114/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

1-тапсырма
Келер шақ етістіктерді тауып, түрлерін анықтаңыз.
Мына сөзіңді мен айтып бармаспын. Бірақ иесі Ырғызбайдың жүрегін шайлықтыратын суық сөзді сенен есіттім деп кетермін. Абай мен Ербол тез келмек болып, бұрыла берді.(М.Ә.) Еңбекшіл болсаң,азбассың,білімді болсаң,тозбассың. Өсекші болсаң, өзіңе тиер, Тікен ұстасаң, көзіңе тиер.

Бүгін кешке жаудың күнгейінде отырған елдің біріне барып түсіп, ас ішіп алып, түн қатып жұріп кетеміз: түнде жүріп таудан асып алған сң,ар жағындағы жолдың қиындығы болмайды. Ертең күн қызғанша,ойдағы елге барып қаламыз.(М.Ә)




2-тапсырма
Төмендегі тіркестерді аударыңыз.


Орыс тіліне аударыңыз



  1. Егемендігі үшін

  2. Тәуелсіздігі үшін

  3. Ірі мемлекеттердің

  4. Ірі қалалардың бірі

  5. 16 мың шақырым


Қазақ тіліне аударыңыз

  1. Наша Родина

  2. Представители нации

  3. Гордимся

  4. Граничит с морем

  5. До Уральских гор



3-тапсырма
Орыс тіліне аударыңыз

Дүние сенің көзіңмен көргендегіден өмір бойы қайырымды, аспаны-күмбез, желі-жібек,әдемі ертек болып тұра берсе,кәне!


(Б.Момышұлы.)


4-тапсырма
Мына мақал-мәтелдердегі сөздердің тура және ауыспалы
мағынасын ажырат.
1. Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер.
2. Өнерлінің өрісі кең.
3. Ауызы күйген үріп ішер.
4. Керек тастың ауырлығы жоқ.
5. Ақыл шығады, асыл тастан шығады.
Базалық деңгей А2
13-апта
Спорт-денсаулық кепілі. Көмектес септігі (іс-қимылдың құралы) Керек, қажет сөздерінің қолданысы

Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болады және денсаулығы жақсарады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу, т.б. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз. Сол үшін балаларды ерте жастан спортқа деген қызығушылығын ояту үшін мектеп бағдарламасына да енгізілген.


Біздің отбасымызда да анам мен әкем бізді үнемі спортпен айналысуымызды қалайды. Күнде таңертең ерте тұрып, «Балапан» телеарнасымен бірге түрлі жаттығулар жасаймын. Аптасына үш рет «каратэ» спорттық секциясына барамын.
Өзіммен қатар құрдастарымды спортпен айналысуға шақырамын. Денсаулық-зор байлық.Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау керек. Олар: дене еңбегі, тамақ ішу, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және дем ала білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет