1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


-тапсырма. Тәрбие туралы төмендегі мақалдарды толықтырыңыз



бет20/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

1-тапсырма. Тәрбие туралы төмендегі мақалдарды толықтырыңыз.
1.Жеті атасын білген ұл, .... ....... ..... ... 
2.Жақсы келін - ..........., 
Жақсы күйеу - ........... 
3.Ел болам десең, ......... ..... 
4.Әдепті бала – ..... ...., әдепсіз бала – ..... .... 
5.Жақсы бала – ....., жаман бала – ..... 
6.Есік көргенді алма, ...... ........... ...
7.Ұяда не көрсең, ......... ..... ........ 
8.Алдыңғы арба ..... ....., 
Соңғы арба ...... ..... 
9.Аяғын көріп, ..... ...,
Анасын көріп, ..... ....
10. Жеті атасын білмеген – .......


2-тапсырма. Тәрбие туралы нақыл сөздерді ауызша орыс тіліне аударыңыз.
Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт – жас күнде көрген өнеге.
Ж.Аймауытов
Қалай десек те, ең мықты, табиғи мектеп – отбасы. 
М.Арын
Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн. 
М.Жұмабаев
Тәрбие басы – тіл.
Ж.Аймауытов
Бала тәрбиесінде әке мен шешенің мүмкіндігінше бірдей араласуы үшін, отбасы тәрбиесін жоғары дәрежеде дұрыс жолға қою қажет.
П.Каптерев
Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіздің ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді.
А.Макаренко


3-тапсырма. «Кім жылдам?» ойыны. Төмендегі құрмалас сөйлемдердің түрін шапшаң анықтаңыз.
1.Абай есіктен кіре, үйде отырған үлкендерге ашық дауыспен айқын сәлем берді.
2.Абай әкесіне сәлем бермек болып, әжесінен рұқсат алды.
3.Есжан туысымен, көп ұзамай күйеуі Тілеуқабыл қайтыс болды.
4.Ол заманда ұл балаға бас кеспесе, қан төкпесе, ат қойылмайтын еді.
5.Сиырдың тұқымы да жақсы, бабы да келіскен екен.
6.Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет