1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


-тапсырма.Сөйлем түрлерін анықтаңыз



бет19/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

2-тапсырма.Сөйлем түрлерін анықтаңыз.
1.Тотықұстың көзінің салмағы миынан екі есе ауыр болады.
2.Адамның әдептілігі оның сөзінен байқалады.
3.Мекенжайыңызды айтып жіюеруіңізді өтінемін.
4.Сауыт – ерте кездегі батырлар киетін қорғаныш киім.
5.Ағаңмен сөйлесе аласың ба?
6.Теріскен – далада өсетін өсімдік түрі.
7.Бұл пәтер – менікі.
8.Бал – өте пайдалы тағам.


3-тапсырма.Отбасы туралы мақал-мәтелдерді сәйкестендіріңіз.

Ата

баланың ісі шала.

Енесі тепкен құлынның

алалығы жоқ.

Атаның көңілі – балада,

көрінгеннің мазағы.

Бала –

бауыр етің.

Балаң жаман болса,

Кірпі баласын жұмсағым дер.

Бала –

баланың қорғаны.

Бала,

ұрлығы жатпас.

Атаға баланың

еті ауырмас.

Қарға баласын аппағым дер,

ананың бауыр еті.

Балалы үйдің

Баланың көңілі – далада.



СӨЖ: Отбасы туралы мақал-мәтелдер жазыңыз.
ОСӨЖ: «Менің отбасым» тақырыбына эссе жазыңыз.
Жоғары деңгей (С1)
2-апта
Тәрбие – тал бесіктен.

Коммуникативтік-ақпараттық және ақпараттық-сипаттамалық ниеттер. Сөздің, сөз тіркесі мен фразалардың, жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдердің айтылу ырғағындағы, интонациясындағы, екпініндегі табиғи заңдылықтар.

Отанның отбасынан басталатынын ескерген дана халқымыз отбасы тәрбиесіне көп көңіл бөліп, ұлы өссе – ұяттымен, қызы өссе – қылықтымен көрші болған. Әсіресе, қызды тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу екенін ұғынып, оны «қырық үйден» тыя білген. Содан келіп, қазақ қызы ибалы, инабатты, иманды болған.


Бала тәрбиесіне әке де, ана да бірдей жауапты. Ер мен әйел бір-бірі үшін де, балалары үшін де жауапты болып табылады. «Әке көрген – оқ жонар, ана көрген – тон пішер» деген аталы сөз ұлға – әкенің, қызға – ананың берер тәрбиесінің маңызды екендігін ұғындыратындай.
Баланы жамандықтан қайырып, жақсылыққа баулу, оған ілім-білім үйрету – ата-ананың басты міндеті. Жас шыбықты қалай баптасаң, солай өсетіні секілді, баланы теріс әдеттен аулақ қылып, қатесін уақытылы түзеп отырсаң, әдепті болып өсері анық. Ізгі ұрпақ тәрбиелегені үшін ата-анаға осы дүниеде де, ақыретте де үлкен құрмет, шексіз қошемет бар.
«Баланы жастан» емес, бесіктен, тіпті, ана құрсағынан бастап тәрбиелеуді атам қазақ ерте ұғынған. Әдетте, адам барлық нәрсені өмірге келген соң үйренеді, көреді, біледі, көңіліне түйеді. Алайда, сәбидің ана құрсағындағы тәрбиесі аса маңызды орын алмақ. Өйткені, бала ана құрсағында болғанда анасы не нәрсені көбірек үйренсе, көбірек білсе, кейін бала да сол нәрсені тез игереді екен. Яғни, «Сүтпен біткен мінез сүйекпен кететінінің» дәлелі. Ендеше, ұрпақ тәрбиесін уысымыздан шығарып алмай, ұл-қызымыздың бойына ұлағатты сіңіріп өсіруді ұмытпайық.


Коммуникативтік-ақпараттық
және ақпараттық-сипаттамалық ниеттер
Коммуникативтік-ақпараттық және ақпараттық-сипаттамалық ниеттерге адам, зат, дерек, оқиға, іс-әрекет туралы нақты ақпаратты бере алу, ала алуын, сұрақ немесе жауап бере алуын, заттың бар екендігін немесе жоқ екендігін, санын, сапасын, кімге тиесілі екендігін сұрай алуын, іс-қимылдың уақытын, орнын, себебін, іс-қимылдың, оғиғаның мақсатын сұрай алуын, қалауын, қажеттілігін, ықтималдылығын, әрекеттің мүмкін еместігін білдіруін жатқызамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет