СӨЖ: Тәрбие туралы мақал-мәтел (10) жазу.
ОСӨЖ: «Тәрбие – басты өнеге» тақырыбына эссе жазыңыз.
Қарапайым деңгей (А1)
3-апта
Оқу орны.
Зат есімнің жіктелуі, тәуелденуі. Көптік жалғауларының қолданылуы.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ірі жоғары оқу орны, ғылым орталығы және мәдени-гуманитарлық мекеме ретінде пайда болуы, қалыптасуы және кейінгі дамуы аймақтың өндіргіш күштерінің, оның экономикасының қарқынды өсуінің, соңғы он жылдықта өткен әлеуметтік және мәдени процесстердің объективті және адекваттық көрінісі болып табылады.
Университет сертификациялық аудиттен өтіп, ИСО 9001:2000 және IQNet Халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестілігі жөніндегі сапа сертификаттарын иеленді. Оқытудың кредиттік технологиясы енгізілген. Университетте аймақ, республика және әлемдік кеңістік экономикасының барлық салаларына, ғылымы мен мәдениетіне арналған мамандар даярланады. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті республикамыздың жоғары білім беру саласының ең жарқын брендтерінің бірі болып табылады. Жоғары оқу орындарының жалпы рейтингі бойынша Қазақстандағы құрметті үшінші орынды және ұтып алған гранттар саны бойынша да үшінші орынды иеленіп отыр. Оңтүстік аймақта ОҚМУ - оқытушылар мен студенттер құрамындағы ғылым, спорт, музыка және шығармашылық жұлдыздар саны бойынша, сонымен бірге әлеуметтік-тәрбиелеу жұмысының жоғары деңгейі бойынша да сөзсіз көшбасшы. М.Әуезов атындағы ОҚМУ - көп салалы білім беру мекемесі. Бүгінгі таңда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті - Қазақстан Республикасының ірі және көп салалы университеті, аймағымыздың инфрақұрылымының дамуы мен қалыптасуына, халықаралық қоғамдастықтағы интеграция мен жаһандану үрдістеріне белсенді қатысатын ғылыми-білім беру, интеллектуалдық, мәдени орталығы. Университет Қазақстанның оңтүстігіндегі 75 жылдан аса тарихы бар жоғары техникалық және гуманитарлық білім берудің екі үлкен мектебінен құралады.
ОҚМУ – бұл, Қазақстанның 50 дамыған елдің қатарына қосылу мақсатында, республиканың өсіп-өркендеуіне әрдайым жаңа идеялар шығаратын белсенді студент жастар ордасы. Университеттегі тәрбиелік және әлеуметтік жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Студент жастардың құқығын, еркіндігі мен көзқарасын сақтау, жастар мәселесіне қатысты 2002 жылдан бастап университетте өзінің Жарғысы мен құрылымы бар студенттік Кеңес қызмет атқарады. Университетте жалпы ЖОО басқарудың ажырамас бөлігі, студенттік өмірдің маңызды қызметі ретінде студенттік өзін-өзі басқару болып табылады. Студенттік Кеңестің іс-әрекетіне ректорат тарапынан қолдау жоғары деңгейде көрсетіледі. Университет ректоры жүйелі түрде студенттермен кездесіп, әр ай сайын студент белсенділері мәжілістерінде оқу мәселелерін, студенттердің қоғамдық өмірінің ұйымдастырылуы мен дамуын, олардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық потенциалдарын талқылап отырады.
Тарихы тереңде жатқан өңіріміздегі оқу орнына бүгінгі күнде тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Д.Қожамжарова басшылық етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |