1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


- тапсырма. Туыстық атаулар бойынша диалог құрастырыңыз



бет25/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

2- тапсырма. Туыстық атаулар бойынша диалог құрастырыңыз.
- Қазақ отбасындағы туыстық атауларын білесің бе?
- Оларды ата.
-Әкенің әкесі саған кім болады?
-Әженің шешесі саған кім болады?
-Әке-шеше – олар кімдер?
-Шаңырақ иесі, ұрпақ жалғастырушы – кім?
-Қыз – келіншектер кім болады?
-Ұлдың баласы – кім?
-Нағашы – ол кім?
-Қыздан немесе әпке, қарындастан туған бала – кім?
-Ағаның әйелі саған кім болады?


3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті туыстық атауларды жазыңыз.
...... ағайынды адамдардың әйелдері.
...... бір адамның немесе ағайынды кісілердің қыздарына үйленген адамдар.
....... бірге туған апалы-сіңілі кісілердің балаларының арасындағы туыстық қатынастың атауы.
...... әйелінің (жарының) сіңлілері (Оңтүстік Қазақстанда). Басқа өңірлерде інілерін де балдыз деп айтады.
....... ерлі-зайыптылардың аналары бір-біріне ене болады.
....... күйеу мен қалыңдықтың(ерлі-зайыпты адамдардың) аталары, әкелері.
....... күйеу мен қалыңдықтың шешелері немесе әжелері (құдандал адамдардың әйелдері).
....... қыз алысып, қыз беріскен, сүйек шатысы бар адамдар.
....... жиеннен туған бала.
........ туысқан адамдардың өзінен үлкен апасының күйеуі.
........ әйелдің ері, жұбайы.
Керекті сөздер: Абысын, Бөле, Балдыз , Құда, Құдандалы, Бажа, Ене, Құдағи, Жиеншар, Жезде, Күйеу, Қайын жұрт.


СӨЖ: 1.Дыбыстардың бір-біріне әсері.
2.Дауысты дыбыстардың әсері.


ОСӨЖ: Өз отбасында өткізілетін дәстүрлер туралы монолог құрастыру.
Орта деңгей (В1)
3-апта.
Мамандықтың бәрі жақсы.
Іс-қимыл оқиға, зат, адамдарға эмоциялық қатынастың және көзқарастың, бағалаудың берілуі. Есімдіктер, олардың түрлері және септелу ерекшеліктері.


Мамандық таңдау-өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтар жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді. Сондықтан икемі, қызығуы, бейімі бар мамандықты таңдай білу, өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын ойлау, мұндай еңбектен шабыт туатыны, ол өнімді еңбекке ұласып, табыс әкелетінін білу керек.
Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек. "Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенге саяды. Қазір сауда-саттықтың жүріп тұрған заманы болғандықтан, көптеген мамандықтар осының төңірегінде деуге болады. Агенттер мен менеджер мамандықтары сұранысқа ие десек, артық айтпаймыз. Мысалы, коммерциялық агент, жарнамалық агент, туристік агент, финанстық менеджер, сауда-саттық менеджері, жоба менеджері, кеңсе менеджері т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет