1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


-тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып диалог құрыңыз



бет23/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

4-тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып диалог құрыңыз:
Ат, есім, аты-жөні, танысу, қуаныш, қуану, мен, сен, сіз, ол -Таныс болайық. Сіздің атыңыз кім? Менің атым – Гүлнәр.Сіздің атыңыз кім? Менің атым – Ержан. Өте жақсы.Танысқаныма қуаныштымын.

СӨЖ: Оқу-білім туралы мақал-мәтел жазыңыз.
ОСӨЖ: «Менің университетім» тақырыбына реферат жазыңыз.
Базалық деңгей.(А2)
3-апта.
Отбасы және дәстүр.
Ықпал түрлері: ілгерінді, кейінді, тоғыспалы.

Қазақ – ұлттық дәстүрге ерекше мән берген халық. Ата-баба аруағын сыйлау, оған жүгіну – ежелгі салтымыз. Дәстүрге халықтың әдет-салты, күнделікті тіршілігінің ауқымы, адамдардың қалыптасып үйренген мінез-құлқы – бәрі де кіреді. Дәстүр әр халықтың өмірі мен сол қоғамның өзіндік ерекшеліктері негізінде қалыптасады. Кең байтақ даланы мекендеген халықта бір тіл, бір әдет-салт, бауырмалдық, қонақжайлылық қалыптасқан.


Қонақжайлылық – «қонағы айтпай қонатын, көршісі айтпай кіретін» халқымыздың қанына сіңген дәстүрлік әдебі. Қонаққа үйдің төрін, астың дәмдісін ұсынып, соған бір жасап қалу – ежелден келе жатқан ескі салтымыз. Қонақты ақжарқын көңілмен жақсылап күту – көргенділік, адамгершілік, азаматтық қана емес, тіпті міндет болған десек, артық айтқандық емес. Мұның бәрі де қонақжайлылық, меймандостық дәстүрді берік сақтау, оны бұзуға жол бермеу мақсатынан туындаған.
Ал бір ауылда той болып, не ас беріліп жатса, басқа ауылдар сол ауылға сусын ретінде, саба-саба қымызын артып апарып отырған. Әрине, мұндай дәстүрлер, біріншіден қасиетті дастарханды қадірлеу болса, екіншіден ақты, сусынды қастерлеу дәстүрі.
Құда түсу – қазақтың мәртебелі әрі жарасты салт-дәстүрлерінің бірі. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам деп саналады. Қыздың әкесі келісім берген соң, құдалықтың жөн-жоралғысы жасалады. Құдалықты басқарып барған адам «бас құда» деп аталады.
Ұзатылатын қыздың әкесі құда түсіп келген құдаларға құйрық-бауыр жегізіп, құдалық рәсімнің орындалғанын көрсетеді.
«Тойдың болғанынан болатыны қызық» демекші, үйлену салты негізінен, үйленуге дайындық, құдалық, той және тойдан кейінгі әдет-ғұрыптар сияқты бағыттардан құралады.
Той - қазақтың қазынасы. Ата-ана бала дүниеге келген күннен бастап, әр кезеңдегі қуанышын үлкен дүбірмен атап өтіп отырған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет