1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


Ықпал түрлері: ілгерінді, кейінді, тоғыспалы



бет24/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

Ықпал түрлері: ілгерінді, кейінді, тоғыспалы.
Игеретін дыбыстың орын тәртібіне қарай қазақ тілінде дыбыстардың бір-біріне ықпалы үш түрлі болады.
1. Ілгерінді (прогрессивті) ықпал –алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі, игеруі.
Бұл – бүкіл тіліміздің табиғатын танытатын негізгі заң. Көрші дыбыстардың алдыңғысы кейінгісін үнемі дауыс (салдыр) қатысы жағынан тәуелді етіп, игеріп тұрады. Сөздеріміздің бірыңғай жуан буынды немесе жіңішке болып келуі ілгерінді ықпалға негізделген. Ерін үндестігі де осы заңға жатады.
2. Кейінді (регрессивті) ықпал –прогрессивті ықпалға қарама-қарсы , кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етуі, игеруі.
Соңы қ, к, п қатаңдарына біткен сөздерге дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда әлсіз қатаңдар күшті дауыстылардың регрессивті ықпалына ұшырайды.: тарағы (тарақ-ы), күрегі (күрек-і), қабы (қап-ы). Регрессивті ықпал күрделі сөздердің (әсіресе кіріккен, біріккен түбірлердің) буындары арасында жиі кездеседі: бүгін (бұл күн), әкел (алып кел).
Дыбыстардың акустикалық жақтан үндескенімен, артикуляциясы жағынан үйлеспей қалуы мүмкін. Мұны регрессивті ықпал реттейді: жамбады (жан-бады), сөңген (сөн-ген).
3. Тоғыспалы ықпал – көрші дыбыстардың ілгерінді-кейінді қарсы әсері. Әдетте мұның өзі екі-ақ жағдайда, оның өзінде де сөз бен сөздің арасында ұшырайды: а) Амангелді (Аманкелд), қаңғызыл (қан қызыл), оңғой (он қой).


1-тапсырма. Тестпен жұмыс.
1.Дыбыс үндестігінің неше түрі бар?
А.1; В.2; С.3; Д.4; Е.5;

2.Дыбыс үндестігін қазақ тілінің қай саласы қарастырады?


А.лексика. Д.синтаксис
В.фонетика Е. стилистика
С.морфология
3.Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды тап.
А. арыстанда бар. Д.қырық жігіттің
В. күші бар Е. жігіттің жүрегі 
С.жігіттің күші
4.Кейінді ықпалды көрсет.
А.Көрікбай Д.Ашса.
В.Көк гүл Е.Ала көз
Е.Жан пейіс.
5.Дыбыс үндестіне тән термин:
А. алдыңғы ықпал
В. Артқы ықпал
С. жанындағы ықпал
Д. ілгерінді ықпал 
Е. шеткі ықпал
6. Кейінді ықпалы бар сөйлемді тап.
А. Пияздың дәрулігі адамға ежелден – ақ мәлім. 
В. Оны әр түрлі ісікке, жараға пайдаланып келіпті. 
С. Пияз неге ащы?
Д. Пияздың түрлері көп.
Е. Шөлдің сөлін тартқан пияз, жанның жарасын сормақ.
7. Тоғыспалы ықпалды тап
А.бара қалды.
В. ала кел.
С.он бес 
Д. күн кешті
Е. қабы
8. Жіктік жалғауы жалғанғанда өзгеріске ұшыраған сөз:
А) дәптер
В) үй
С) қатар
Д) бала
Е) қап
9. Сөйлем ішіндегі тоғыспалы ықпалды тап:
А) Еш адамды күндемегін.
В) Аттар жайылып жүр.
С) Адамзаттың ең абзал қасиеттерінің бірі – сөйлей білу.
Д) Оның ерлігіне қайран қалдық. 
Е) Сол сүйікті анаң емес пе?
10. Дыбыстық өзгеріске ұшырамаған сөзді тап:
А) бүгін 
В) қағаз – қалам 
С) тастай
Д) бізше
Е) біз келдік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет