1. Арнайы эталон дегеніміз шама бірлігін ерекше жағдайда жанғыртатын эталонды атайды. Метрология


Кездейсоқ қателіктері – бұл қателіктер бір шаманы қайталап өлшеген кезде кездейсоқ түрде өзгереді. 26



бет3/8
Дата21.12.2023
өлшемі37.87 Kb.
#487278
1   2   3   4   5   6   7   8
25.Кездейсоқ қателіктері – бұл қателіктер бір шаманы қайталап өлшеген кезде кездейсоқ түрде өзгереді.
26. Өрескел қателік – бұл кездейсоқ қателік. Мүлт жіберу – бұл қателік өлшеу нәтижесін ашықтан-ашық бұрмалайды. Эксперимент жасайтын адамның кездейсоқ субъективті қателігі мүлт жіберу деп алынады. Өрескел қателіктер және мүлт жіберу, әдетте, байқау нәтижелерінің статистикалық өңдеуі басталғанша экспериментальдік деректерден жойылады.
27. Жүйелік қателік – бір және сол шаманы қайталап өлшеулерде тұрақты немесе заңды өзгеретін болып қалатын қателік өлшеуі.
28. Құралдық қателік (құралдың қателігі) - қолданылатын өлшеу құралдарының қателіктеріне байланысты туатын қателіктер (конструкцияның, өлшеу құралдарының жасалу технологиясының жетімсіздігі, олардың бірте-бірте тозуы, материалдардың ескіруі).
29. Орнату қателігі - өлшеу құралдарын дұрыс орнатпау қателіктері.
30.Әдістемелік қателік – шаманы өлшеу әдістемесінде жіберілетін қателік және бұл өлшеу құралдарын қолдану дәлдігіне тәуелді емес.
31.Субьективтік қателік – байқаушының жеке ерекшеліктерімен шартталған қателіктер.Байқалу сипаты бойынша қателіктер тұрақты және айнымалы болып бөлінеді.
32. Бірқатар бақылаудың дисперсиясы S^2 математикалық тосу айналасындағы жекелеген бақылаулардың нәтижелерінің шашырау дәрежесін көрсетеді. Дисперсия қаншалықты аз болса, соншалықты жекелеген нәтижелер шашырауы аз, соншалықты өлшеулер дәл орындалған болады. Сөйтіп, дисперсия жүргізілген өлшеулердің дәлдігі сипатында қызмет етеді.
33.Байқаулар қатарының орташа квадраттық ауытқуы S. Дисперсияны өлшеу бірлігі өлшенетін шаманың квадраты болып табылатындықтан, дәлдігін бағалау үшін орташа квадраттық ауытқу деп аталатын және дисперсиядан квадраттық түбіріне тең шама пайдаланылады. 
34.Кездейсоқ аксиомасы: өлшеулердің саны өте үлкен болса, онда біркелкі жиі кездесетін кездейсоқ қателіктердің шамасы тең, бірақ таңбасы әртүрлі болады: теріс қателіктер саны оң қателіктер санына тең болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет