63.Штангенциркуль — сыртқы және ішкі өлшемдерді, сондай-ақ тесіктердің тереңдігін жоғары дәлдікпен өлшеуге арналған әмбебап құрал.
64. Вертикаль оптиметр - бөлшектің сыртқы өлшемдерін өте дәл салыстырмалы әдіспен өлшеуге арналған аспап. Түрлендіргіш қызметін иінтіректі оптикалық механизм атқарады.
66. Вольтметр — тұрақты және айнымалы ток тізбектеріндегі электрлік кернеуді өлшеуге арналған аспап. Вольтметр түрлері: аналогты (тілді көрсеткішімен және жарықты көрсеткішімен), цифрлы (механикалық, электрмеханикалық және электрлік индикаторлармен) болады.
67. Амперметр- электр тоғының күшін өлшеуге арналған құрал.
68. Термометр (гр. θέρμη — жылу; гр. μετρέω — өлшеймін) — дененің, заттың, ауаның температурасын өлшеуге арналған аспап.
69. Барометр (гр. baros — ауырлық және metreo — өлшеймін) — атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал. Ең көп таралғаны — сынапты барометрлер.
70. Омметр - актив электр кедергіні өлшеуге арналған құрал.
71. Осциллоскоп (лат. oscillo — тербелемін және гр. skop'o — қараймын) — бүл да осциллограф. Лезде өзгеріп түратын электрлік процестерді көзбен байқауға арналған жағдайда айтылатын термин.
72. Шама— мәні математиканың дамуына байланысты жалпыланып отырылған негізгі математикалық ұғымдардың бірі.
73.Қасиет-сапалық категория.Үрдістер және физикалық денелердің түрлі қасиеттерін сандық санаттау үшін шама түсінік енгізіледі.
73. Шкала - бұл зерттелінетін объектінің белгілер жиынтығын белгілі бір сандық жүйеге реттейтін форма. Шкаланы қолдану, белгілі бір белгілер мен айнымалыларды сапалық және сандық бағалау қажеттілігімен байланысты.
74. Реттік шкала – белгілерді «көп-аз» принципі бойынша классификациялау шкаласы. Мұнда субъектілерді салмағы немесе бойы бойынша рангілеуге болады.
75. Интервалдық шкала – «белгілі бір бірліктер санынан көбірек – белгілі бір бірліктер санынан азырақ» принципі бойынша классификацияланатын шкала.