1. Арнайы эталон дегеніміз шама бірлігін ерекше жағдайда жанғыртатын эталонды атайды. Метрология


Көрсетулер диапазоны шкаланың соңғы және бастапқы мәндерімен шектелген шәкіл көрсеткіші. 50



бет5/8
Дата21.12.2023
өлшемі37.87 Kb.
#487278
1   2   3   4   5   6   7   8
49.Көрсетулер диапазоны шкаланың соңғы және бастапқы мәндерімен шектелген шәкіл көрсеткіші.
50.Таралу бағасы – көрші екі шәкіл арасындағы белгі айырымы.
51.Сезімталдық табалдырығы – түрлендіргіштің шығыс сигналындағы немесе өлшеу аспабының у көрсетуінің сенімді бекітілген өзгеруін тудыруға қабілетті өлшенетін х шамасының мәнінің ең аз өзгеруі.
51.статикалық қателік – тұрақты шаманы өлшеу үшін ӨҚ пайдалануда туындайтын ӨҚ қателігі;
52.динамикалық қателік – шаманың уақытында айнымалыны өлшеу үшін ӨҚ –ны пайдалануда туатын ӨҚ қателігі;
53.Аддитивтік қателіктер немесе ӨҚ нөл қателігі – бұл өлшенетін шаманың барлық мәндерінде тұрақты болып қалатын қателік.
54.Уақыт интервалдарын өлшеу. Уақыт интервалдарын өлшеу үшін электронды-саулелік осциллографтар және уақыт интервалдарын цифрлық өлшеуіштер пайдаланылады. 
55.Фазалық ығысуын өлшеу. Өнеркәсіп жиілік тізбектерінде кернеу мен жүктеме тоғы арасындағы фазалық ығысуын өлшеу үшін дәлдік класы 0,2; 0,5 электродинамикалық фазометрлер пайдаланылады.
56.Кіші кедергілерді өлшеу. Кедергілер Ом бірліктерінен 10^-8Ом-ға дейін диапазонда тұрақты токтың қос көпірлермен, жай көпірлермен және электрондық миллиомметрлермен өлшенеді. Бұл кедергілерді өлшеген кезде ең көп әсер ететін контакттардың және жалғастыратын сымдардың кедергілері, сондай-ақ контакттік термо-ЭҚК.
57.Тура өлшеулер. Ом бірліктерінен мегаом бірліктер және ондықтарына дейін диапазонда кедергілер тұрақты ток көпірлермен, цифрлық, электрондық және магнитоэлектрлік омметрлермен өлшенеді.
58.Үлкен кедергілерді өлшеу. Үлкен кедергілерді (10^6-10^8Ом) өлшеген кезде тұрақты токтың жай көпірлерін, электрондық тераомметрлерді (мегомметрлерді), цифрлық омметрлерді және магнитоэлектрлік мегомметрлерді қолданылады.
59.Жанама өлшеулер. Ең көп таралған амперметр және вольтметр әдісі саналады.
60. Масштаб (нем. Maßstab. Maß — өлшеуіш, мөлшер және Stab — таяқ)[1] — сызба, жоспардағы аэрофототүсірудегі немесе картадағы кесінді ұзындығының сол кесіндінің нақты ұзындығына қатынасы.
61. Гониометр[1] — қатты денелердің жазық жақтарының аралығындағы бұрыш мөлшерін өлшеуге арналған аспап; кристаллографияда, геодезияда және тағы басқа қолданылады.
62. Сферометр (гр. sphaira — шap және грек. гр. metre - өлшеймін) - әрбір бұйымдардың қисықтық радиусын өлшеуге арналған оптикалық аспап. Орталық қиманың хордасы және оған сәйкес түзу сызық өлшенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет