Бақылау – бақыланып отырған объекті қасиеттерінің немесе сипатының белегілі бір мөлшерге сәйкестігін анықтау процессі.
Метрология – өлшеу, өлшеу әдістері мен жабдықтары, олардың бірлігі және қажетті нақтылыққа жету жолдары туралы ғылым.
Метрологиялық қамсыздандыру – өлшеудің белгілі бір нақтылығана қол жеткізуге қажетті техникалық жабдықтар мен ережелерді қолданудың ғылыми немесе ұйымдастырушылық негіздерін қалыптастыру.
Өлшеу принципі – өлшеу негізделген физикалық құбылыстардың жиынтығы.
Өлшеу әдісі – өлшеу кезінде қолданылатын өлшеу жабдықтары мен принциптерінің жиынтығы.
Электрлік өлшеу – физикалық шаманы электрлік өлшеу жабдықтарының көмегімен өлшеу.
Өлшем – физикалық шаманың белгілі бір мәнін көрсетуге арналған өлшеу жабыдығы.
Өлшеу түрлендірігші – бақылаушының тікелей қабылдауына, ары қарай түрлендіруіне, өңдеуіне немесе сақтауына ыңғайлы өлшеу ақпараты сигналын өңдіруге арналған өлшеу жабдығы.
Өлшеу жабдығы – бақылаушы тікелей қабылдай алатын өлшеу ақпараты сигналын өңдіруге арналған өлшеу жабдығы.
Стандарт (ағылш.сөзі. Standard – норма, үлгі) – өз еркімен бірнеше рет пайдалануды көздеп қабылданған өнімнің сипаттамалары, оны өндіру мен пайдалану туралы ережелер, оны сақтау, тасымалдау, тарату немесе жою, қолдану немесе қызмет көрсету туралы құжат.
Халықаралық стандарт − халықаралық ұйым қабылдаған стандарт.
Ұлттық стандарт − Ұлттық стандарттау органы бекіткен стандарт, утверждённый национальным органом по стандартизации.
МЭК (ХЭК) – Халықаралық электротехникалық комиссия
ISO ( англ) – Стандарттау бойынша халықаралық ұйым.
Кездейсоқ қателіктері – бұл қателіктер бір шаманы қайталап өлшеген кезде кездейсоқ түрде өзгереді.
Өрескел қателік – бұл кездейсоқ қателік. Мүлт жіберу – бұл қателік өлшеу нәтижесін ашықтан-ашық бұрмалайды. Эксперимент жасайтын адамның кездейсоқ субъективті қателігі мүлт жіберу деп алынады. Өрескел қателіктер және мүлт жіберу, әдетте, байқау нәтижелерінің статистикалық өңдеуі басталғанша экспериментальдік деректерден жойылады.
Жүйелік қателік – бір және сол шаманы қайталап өлшеулерде тұрақты немесе заңды өзгеретін болып қалатын қателік өлшеуі.
Құралдық қателік (құралдың қателігі) - қолданылатын өлшеу құралдарының қателіктеріне байланысты туатын қателіктер (конструкцияның, өлшеу құралдарының жасалу технологиясының жетімсіздігі, олардың бірте-бірте тозуы, материалдардың ескіруі).
Орнату қателігі - өлшеу құралдарын дұрыс орнатпау қателіктері.
Әдістемелік қателік – шаманы өлшеу әдістемесінде жіберілетін қателік және бұл өлшеу құралдарын қолдану дәлдігіне тәуелді емес.
Субьективтік қателік – байқаушының жеке ерекшеліктерімен шартталған қателіктер.Байқалу сипаты бойынша қателіктер тұрақты және айнымалы болып бөлінеді.
Бірқатар бақылаудың дисперсиясы S^2 математикалық тосу айналасындағы жекелеген бақылаулардың нәтижелерінің шашырау дәрежесін көрсетеді. Дисперсия қаншалықты аз болса, соншалықты жекелеген нәтижелер шашырауы аз, соншалықты өлшеулер дәл орындалған болады. Сөйтіп, дисперсия жүргізілген өлшеулердің дәлдігі сипатында қызмет етеді.
Байқаулар қатарының орташа квадраттық ауытқуы S. Дисперсияны өлшеу бірлігі өлшенетін шаманың квадраты болып табылатындықтан, дәлдігін бағалау үшін орташа квадраттық ауытқу деп аталатын және дисперсиядан квадраттық түбіріне тең шама пайдаланылады.
Кездейсоқ аксиомасы: өлшеулердің саны өте үлкен болса, онда біркелкі жиі кездесетін кездейсоқ қателіктердің шамасы тең, бірақ таңбасы әртүрлі болады: теріс қателіктер саны оң қателіктер санына тең болады.
Таралу аксиомасы: шағын қателіктер үлкенге қарағанда жиірек болады, өте үлкен қателіктер кездеспейді.
Кездейсоқ қателіктің сенімділік интервалы – берілген сенімділік ықтималмен кездейсоқ қателігінің мәндері түсетін интервал.
Өлшеу құралдары (ӨҚ) – өлшеуде қолданылатын және нормаланған өлшеу сипаттамалары бар техникалық құралдар.
Метрологиялық сипаттамалар (МС) - өлшеу нәтижелеріне және қателіктеріне әсер ететін ӨҚ қасиеттерінің сипаттамалары.Өлшеу құралдарының классификациясы Г қосымшасында көрсетілген.
Өлшеу құрылғылары - дербес немесе өлшеу қондырғыларында және жүйелерінде қолданылады. Өлшеу құрылғылары ақпаратты ұсыну формаларына байланысты өлшеу аспаптары және өлшеу түрлендіргіштері болып бөлінеді.
Өлшеу аспабы – бақылаушы тікелей қабылдай алатын түрдегі өлшеу ақпаратының сигналын өндіру үшін тағайындалған ӨҚ. Өлшеу құралдарын былай ажыратады:
Өлшеу түрлендіргіштері – бақылаушының тікелей қабылдауына берілмейтін өлшеу ақпаратының сигналын тарату, одан әрі түрлендіру, өңдеу және (немесе) сақтау үшін ыңғайлы түрде беру үшін тағайындалған ӨҚ. Өлшеу түрлендіргіштері мынадай болады: біріншіреттік және екіншіреттік; аралық және беріліс жасайтын.
Өлшеуіш қондырғылар және жүйелер – өлшеу объектінің бір немесе бірнеше физикалық шамаларды өлшеу үшін тағайындалған және көмекші құрылғылары бар функционалдық қасиеті бойынша біріктірілген ӨҚ жиынтығы.
Бір ізге салынған ӨҚ – МҚЖ (автоматтандыру құралдары және өнеркәсіптік аспаптардың мемлекеттік жүйесіне ) енетін ӨҚ. Бұл жүйе блоктық-модулдық принцип бойынша құрылады.
Жұмыстық ӨҚ – халық шаруашылығының барлық салаларында күнделікті практикада өлшеуге арналған ӨҚ.
Жұмыстық ӨҚ келесілер: 1) жоғары дәлдікті ӨҚ; 2) техникалық ӨҚ.
Үлгілі ӨҚ – жұмыстық өлшеу құралдарын тексеру және өлшемдеу үшін арналған ӨҚ. Үлгілі ӨҚ өлшеулерінің жоғарғы шегі тексерілетін аспаптың өлшеуінің жоғарғы шегінен жоғары немесе оған тең болуы қажет. Үлгілі ӨЖ жібере алатын қателігі сынаққа түсетін аспаптың жібере алатын қателігінен елеулі ( 4-5 есе) аз болуы қажет.
Эталон – жоғары дәлдігі бар өлшем, ол өз мөлшерін басқа ӨҚ беру мақсатында бірлігін қайта орнына келтіру және сақтау үшін тағайындалған. Эталоннан ФШ бірліктері разрядтық эталондарға, ал разрядтық эталондардан жұмыстық эталондарына беріледі.
Біріншіреттік эталон – ФШ бірлігін қазіргі ғылыми-техникалық мүмкіндікке сай аса жоғары дәлдікпен қайта шығару эталоны. Біріншіреттік эталон ұлттық (мемлекеттік) және халықаралық болуы мүмкін.
Көрсетулер диапазоны шкаланың соңғы және бастапқы мәндерімен шектелген шәкіл көрсеткіші.
Таралу бағасы – көрші екі шәкіл арасындағы белгі айырымы.
Сезімталдық табалдырығы – түрлендіргіштің шығыс сигналындағы немесе өлшеу аспабының у көрсетуінің сенімді бекітілген өзгеруін тудыруға қабілетті өлшенетін х шамасының мәнінің ең аз өзгеруі.
статикалық қателік – тұрақты шаманы өлшеу үшін ӨҚ пайдалануда туындайтын ӨҚ қателігі;
динамикалық қателік – шаманың уақытында айнымалыны өлшеу үшін ӨҚ –ны пайдалануда туатын ӨҚ қателігі;
Аддитивтік қателіктер немесе ӨҚ нөл қателігі – бұл өлшенетін шаманың барлық мәндерінде тұрақты болып қалатын қателік.
Уақыт интервалдарын өлшеу. Уақыт интервалдарын өлшеу үшін электронды-саулелік осциллографтар және уақыт интервалдарын цифрлық өлшеуіштер пайдаланылады.
Фазалық ығысуын өлшеу. Өнеркәсіп жиілік тізбектерінде кернеу мен жүктеме тоғы арасындағы фазалық ығысуын өлшеу үшін дәлдік класы 0,2; 0,5 электродинамикалық фазометрлер пайдаланылады.
Кіші кедергілерді өлшеу. Кедергілер Ом бірліктерінен 10^-8Ом-ға дейін диапазонда тұрақты токтың қос көпірлермен, жай көпірлермен және электрондық миллиомметрлермен өлшенеді. Бұл кедергілерді өлшеген кезде ең көп әсер ететін контакттардың және жалғастыратын сымдардың кедергілері, сондай-ақ контакттік термо-ЭҚК.
Тура өлшеулер. Ом бірліктерінен мегаом бірліктер және ондықтарына дейін диапазонда кедергілер тұрақты ток көпірлермен, цифрлық, электрондық және магнитоэлектрлік омметрлермен өлшенеді.
Үлкен кедергілерді өлшеу. Үлкен кедергілерді (10^6-10^8Ом) өлшеген кезде тұрақты токтың жай көпірлерін, электрондық тераомметрлерді (мегомметрлерді), цифрлық омметрлерді және магнитоэлектрлік мегомметрлерді қолданылады.
Жанама өлшеулер. Ең көп таралған амперметр және вольтметр әдісі саналады.
Масштаб (нем. Maßstab. Maß — өлшеуіш, мөлшер және Stab — таяқ)[1] — сызба, жоспардағы аэрофототүсірудегі немесе картадағы кесінді ұзындығының сол кесіндінің нақты ұзындығына қатынасы.
Гониометр[1] — қатты денелердің жазық жақтарының аралығындағы бұрыш мөлшерін өлшеуге арналған аспап; кристаллографияда, геодезияда және тағы басқа қолданылады.
Сферометр (гр. sphaira — шap және грек. гр. metre - өлшеймін) - әрбір бұйымдардың қисықтық радиусын өлшеуге арналған оптикалық аспап. Орталық қиманың хордасы және оған сәйкес түзу сызық өлшенеді.
Штангенциркуль — сыртқы және ішкі өлшемдерді, сондай-ақ тесіктердің тереңдігін жоғары дәлдікпен өлшеуге арналған әмбебап құрал.
Вертикаль оптиметр - бөлшектің сыртқы өлшемдерін өте дәл салыстырмалы әдіспен өлшеуге арналған аспап. Түрлендіргіш қызметін иінтіректі оптикалық механизм атқарады.
Вольтметр — тұрақты және айнымалы ток тізбектеріндегі электрлік кернеуді өлшеуге арналған аспап. Вольтметр түрлері: аналогты (тілді көрсеткішімен және жарықты көрсеткішімен), цифрлы (механикалық, электрмеханикалық және электрлік индикаторлармен) болады.
Амперметр- электр тоғының күшін өлшеуге арналған құрал.
Термометр (гр. θέρμη — жылу; гр. μετρέω — өлшеймін) — дененің, заттың, ауаның температурасын өлшеуге арналған аспап.
Барометр (гр. baros — ауырлық және metreo — өлшеймін) — атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал. Ең көп таралғаны — сынапты барометрлер.
Омметр - актив электр кедергіні өлшеуге арналған құрал.
Осциллоскоп (лат. oscillo — тербелемін және гр. skop'o — қараймын) — бүл да осциллограф. Лезде өзгеріп түратын электрлік процестерді көзбен байқауға арналған жағдайда айтылатын термин.
Шама— мәні математиканың дамуына байланысты жалпыланып отырылған негізгі математикалық ұғымдардың бірі.
Қасиет-сапалық категория.Үрдістер және физикалық денелердің түрлі қасиеттерін сандық санаттау үшін шама түсінік енгізіледі.
Шкала - бұл зерттелінетін объектінің белгілер жиынтығын белгілі бір сандық жүйеге реттейтін форма. Шкаланы қолдану, белгілі бір белгілер мен айнымалыларды сапалық және сандық бағалау қажеттілігімен байланысты.
Реттік шкала – белгілерді «көп-аз» принципі бойынша классификациялау шкаласы. Мұнда субъектілерді салмағы немесе бойы бойынша рангілеуге болады.
Интервалдық шкала – «белгілі бір бірліктер санынан көбірек – белгілі бір бірліктер санынан азырақ» принципі бойынша классификацияланатын шкала.
Тең қатынастық шкала - өлшенетін қасиеттің көріну дәрежесін пропорционалды түрде объектілер мен субъектілерді классификациялайтын шкала.
Микрометр – бұрама - гайка микрожұбы арқылы бұрыштық өзгерістерді сызықтық шамаларға өзгертуге арналған өлшеуіш аспап.
Нониус — өлшеу аспабының негізгі межелік бөлігінің үлесін анықтайтын қосалқы межелігі.
Бұрыштық өлшеулер.Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу геодезия мен ең жиі жүргізілетін жұмыстарга жатады. Бұрыштарды өлшейтін негізгі аспапты теодолит деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |