9. d-элементтерге жалпы сипаттама. Мыс. Мырыш. Темір. Хром. Қазақстандағы
мыс, мырыш, темір, хромның кен орындары, коррозия
1.
D- элементтерге жалпы сипаттама.
2.
Мыс, Мырыш, Темір, Хром.
3.
Қазақстандағы мыс, мырыш, темір, хромның кен орындары, коррозия
D-элементтердің химиялық сипаты сыртқы электрон қабатында 2s электрон (кейде
1s электрон) болатын атомдардың электрондық құрылысымен анықталады. Кезекті
электрондар сыртқы электрондық қабаттан санағанда ішкері екінші қабатқа түсіп, d-
деңгейшені толтырады. Бұл элементтер атомдардың сыртқы электрондары ядромен
әлсіз байланысқан, оған иондану энергиясы шамасының төмендігі айғақ.
Сондықтан d-элементтер химиялық реакцияларда металдар сияқты оң тотығу
дәрежесiн
көрсетеді.
Периодтарда d-элементтер типтік металдар мен типтік бейметалдар арасында
орналасқандықтан, оларды ауыспалы элементтер деп атайды. Ауыспалы элементтердiң
периодтарында реттік нөмірі өскенде сыртқы электрондық кабаттың кұрылысы
өзгермейдi (сыртынан санағанда d- деңгейімен электрондар саны ғана өзгередi).
Нәтижесiнде бұл элементтердiң қасиеттері негiзгi топша элементтеріне қарағанда аз
өзгередi. Топтарда косымша топша элементтерiнiң металдық қасиеттері реттік нөмірі
өскенде кемидi де, V жене VI период металдарының қасиеттерінде бiршама ұқсастықтар
байқалады.
Ауыспалы элементтердiң атомдары химиялық байланыс түзу үшiн сыртқы деңгейдегі
электрондарды ғана емес, сонымен бiрге d-электрондар мен сырттан санағанда екiншi
деңгейдің бос орбитальдарын пайдаланады. Сондықтан оларға ауыспалы тотығу
дәрежелерi және әртүрлi оксидтер, гидроксидтер және басқа қосылыстар түзу тән. Бұл
кезде қосылыстарда d-элементтерi жоғары тотығу дәрежесiн көрсетеді, тура осындай
тотығу дәрежесiн көрсететін негiзгi топшалардағы бейметалдардың қосылыстарына өте
ұқсас
болады.
Маңызды d-элементтер:
Достарыңызбен бөлісу: |