Органикалық химияның ғылым ретінде пайда болуы :
1. этерин теориясы: Жан Батист Дюма,19 ғасыр 20-шы жылдар;
2. радикалдар теориясы: Велер, Либих, 19 ғасыр;
3. типтер теориясы: Лоран және Жерар, 19 ғасыр;
4.Одлинг 19 ғасырдың ортасында«валенттік» ұғымын енгізді;
5. валенттік туралы түсінікті Фридрих Август Кекуле ары қарай дамытты;
6.біртіндеп жинақталған эксперименттік зерттеулер және оларды теориялық жолмен
дәләлдеу А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың
құрылыс теориясының
ашылуына негіз болды.
Органикалық химияның маңызы:
1. Қазіргі кезде 18 млн-ға жуық табиғи және синтетикалық органикалық заттар белгілі
және олардың саны өсуде,ал белгілі бейорганикалық қосылыстардың саны 100
мыңдай.
2.Қазіргі химия өндірісіндегі процестер- органикалық заттар
алу немесе сол заттардың
қатысуымен жүретін реакциялар. Сол сияқты, табиғатта
кездеспейтін көптеген
органикалық заттар жасанды түрде синтезделіп алынды. Оларға әр түрлі дәрі-
дәрмектер, бояулар, пластмассалар мен синтетикалық талшықтар, т.б. жатады.
3. Бейорганикалық химия бұл
өзінше әдемі ,бірақ ол органикалық химиясыз пайдасы
аз өлі денемен бірдей.Тірі организмдегі олардың тіршілік етуін
қамтамасыз ететін
көптеген процесстер -бұл органикалық заттардың химиялық реакциясы .
4.Химиктер өте күрделі табиғи заттарды алуды үйренді: көмірсулар, белоктар,
нуклеин
қышқылдары. Бұл кезде органикалық синтезге көмекке
биотехнология келеді.
Достарыңызбен бөлісу: