124
Соңғы жылдары жерге орналастыру жобасынан алдын жерлерді
аймақтау және облыстық, аудандық жерге орналастыру схемасын өңдеу
жүргізіледі. Олардың негізгі міндеті-ауыл шаруашылығы және халық
шаруашылығының басқа салаларын келешекте дамыту үшін жер
ресурстарын пайдалану және оны қорғаудың ең тиімді бағытын анықтау.
Бұндай схема келесі негізгі мәселелерді шешуден тұрады:
-Халық шаруашылық салаларының келешектегі дамуына сәйкес жерлерді
санаттар арасында бөліп тарату;
-Ауыл шаруашылық өнімін өндіруді жоғарлату жөніндегі ұсыныстар;
-Ауыл шаруашылық өндірісін орналастыру жэне мамандандыру бойынша
ұсыныстар;
-Ауданда келешекте күтілетін жерге шаруашылық етудің көп түрлі
формалары мен көп салалы экономиканы ескеріп тұрғындарды орналастыру
және аумағын ұйымдастыру бойынша болжамдық белгілер;
-Жерді қорғау шаралары;
Ауданда жерді тиімді пайдалану және қорғау бойынша белгіленген
шараларды жүзеге асыру кезектілігі мен экономикалык тиімділігі.
Әсіресе, әкімшілік ауданның жерге орналастыру схемасы нақты
өңделеді. Онда жерге орналастырудың көптеген түпкілікті мәселелері нақты
шешімін табады, онда келешекте шаруашылық аралық, шаруашылық жерін
және учаскелік жерге орналастырудың инженерлік жобаларын, сондай-ақ
мелиорация, ауыл елді мекенді жоспарлау, жол құрылысы және т.б. құру
үшін негіз болады.
Жерге орналастыру схемасында жерді пайдалану мен елді мекендерді.
өндірістік және басқа кешендерді орналастыру өзара байланысы ескеріледі.
Сонымен, кез келген жоба құрушы жоба жасамастан алдын шешетін мәселені
түпкілікті салалық және кешендік схемаларда, жерге орналастыру
схемасында, басқа болжамдау және жоспарлау жобалық өңдеулерде оған
тікелей немесе жанама қатынасы бар болса үйренуі керек.
Жерге орналастыру жобалардың көп түрлілігімен ерекшеленеді.
Олардың мазмұны мен құру әдісі жерге орналастыру түрлерімен, әр
түрлілігімен
жэне
формаларымен
анықталады,
жерді
пайлалану
қарқындылығына және ауыл шаруашылық өндірісінің интенсификациясы
деңгейіне, аумағын орналастырудың кеңістік жағдайына, сала аралық
масштабтағы қойылған мәселелеріне байланысты болады. Бәрінен бұрын
жобалар үлкен үш топқа бөлінеді, жерге орналастыру түрлеріне сәйкес-
Достарыңызбен бөлісу: