1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Компьютермен деректер алмасуды жүргізу



Pdf көрінісі
бет186/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

6.7. Компьютермен деректер алмасуды жүргізу.
Аспаппен жұмыс істер алдында батареяны зарядтап, оның жұмыс істеу
қызметін, жад картасының көлемі мен оның батареясын тексеру қажет.
Тахеометрде өлшенген горизонталь бұрыш мәндерінің коллимациялық
қателігіне түзетулер, автоматты түрде енгізіледі. Оның мәні тахеометрдің
қателіктерін анықтау процесінде анықталып, тахеометр жадында түзету
мәндерін анықтауға дейін сақталады. Өлшеулер кезінде вертикаль осьтің


257
көлбеу бұрышын ескеріп, автоматты түрде вертикаль осьтің көлбеулігіне
түзету енгізіледі.
Жер қисықтығы және рефракцияға түзетулер автоматты түрде
енгізіледі (К=0.13). Лимбтің айналу жылдамдығына байланысты бұрыш
датчиктері шектелген. Сондықтан, көру дүрбісінің максималь айналу
жылдамдығы мен тахеометрдің айналу жылдамдығы горизонталь
жылдамдықта бір айналу/с-нан аспауы тиіс. Тахеометрмен жұмыс істеу
кезінде батарея кернеуін үнемі тексеріп отырған жөн. Ток кернеуі 6,5Втан
төмен кезде, дисплейде “аккумулятордың разрядталуы” деген дерекпен
сигнал дыбысы шығады. Осы деректен кейін тахеометрмен жұмыс істеу
мүмкін емес. Жұмысты жалғастыру үшін тахеометрдің ток көзін ауыстыру
қажет.
Өлшеулерді өңдеу және теңестіру үшін TPS 300 тахеометрінде
CREDO_Dat, Autodesk Syrvey программасын қолданады. Leica TPS – 300
тахеометрі геодезиялық деректерді өңдеудің кез келген технологиялық
тізбегіне енгізе алады. Далалық өлшеулер геодезиялық өлшеулерді өңдеуге
және теңестіруге арналған CREDO – DAT, Auto Desk Survey
программаларына беріле алады. Әрі қарай аймақтың үш өлшемді моделін
құру, горизонтальдарды салу және шартты белгілермен қоса, жағдаяттық
жоспарды жүргізу үшін нүктелердің теңестірілген үш өлшемді
координаталары Credo – TER, CREDO – MIX, CAD – Relief, TOPOCAD, Auto
Desk Land Development Desktop программасына беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет