261
Жеке, ерекше жауапты жұмыс түрлерінде пунктте орнатылған
аппаратурамен суретке түсіру ұсынылады.
Жерсеріктік өлшеудің нәтижелерін өңдеу
Топографиялық-геодезиялық ақпараттарды өңдеудің жалпы процесі:
алғашқы өңдеу;
алдын ала өңдеу;
соңғы өңдеу сияқты кезеңдерге бөлінеді.
Алғашқы өңдеуге – тікелей өлшеу процесінде орындалатын есептеулер
жатады. Осы кезеңде алынған есептеулердің дұрыстығы мен бірлік өлшеу
дәлдігі бақыланады. Жерсеріктік өлшеу жағдайында алғашқы өңдеу – тікелей
дала қабылдағыштарында орындалады. Ал координатты навигациялық
режимде анықтаудың бақылау ретінде аспанның көрінуі, жер серіктерінің
қажетті саны және өлшеу процесіндегі геометриялық факторлардың
тиімділігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: