263
шығады. Бұл кезде қателік сипаты және қателік шыққан импортталатын файл
жолының нөмірі жазылады.
Өлшеу нәтижелерінің деректерін алдын ала өңдеу
Импорттау аяқталғаннан кейін алдын ала өңдеу автоматты түрде
жүреді, яғни жартылай, асыра есептеудің сызықты шегіне келтіру,
пункттердің алдын ала координаталарын есептеу қорытындысы шығады.
Геодезиялық инструментті пайдаланатын параметрлер автоматты түрде
импорттау файлының деректерінен құрылады. Егер алдын ала өңдеу кезінде
ақпараттық терезеде орынсыз жағдай жөнінде хабарлама пайда болса, онда
Cancel батырмасын басып, оны ескермеу қажет, ол автоматты түрде
«Хаттамаға» жазылады. Одан кейін, алдын ала өңдеу процесі аяқтала
салысымен, «Нәтижеде» орналасқан «Хаттама» мен алдын ала өңдеу
ведомстарын талдап, қажет болғанда, алғашқы деректерді түзеткен жөн.
Пландық-биіктік негізінің сызба-сұлбасын құру
CREDO кешенінің басқару тапсырмасында «CREDO_TER Жердің
Сандық моделі/ Жердің Сандық моделі» деген меню пунктісін таңдап
алыңыз. «3ТА5.TOP» файлы конверсияланғандықтан объекті нүкте
жинақтарымен бейнеленуі мүмкін.Бағдарлама аудандық объект контуры
бойынша үстіңгі қабаттың контуры, ал сызықтық контур бойынша —
құрылымдық
сызықты
автоматты
жасайды.Объекті
карточкасында
(«Деректер / Объект карточкасы» функциясы) түсіру масштабын М 1:500
орнатыңдар.Суреттің масштабы планшетке бөліну сипатын, координаталық
тор қадамын, шартты белгілердің өлшемін, жазбалар мен белгілеулерді
масштабтаудың қосылған параметріндегі экранда бейнеленетін жазбалар мен
сандардың биіктігін анықтайды («Баптау / Енгізу/ Шығару параметрлері).
Достарыңызбен бөлісу: