273
Топография-геодезиялық ізденістерде жиі қолданатын пландардың
масштабы 1:5000, қима биіктігі 1,0 м, 1:2000, 1:1000, 1:500 қима биіктіктері
0,5м, кей уақыттарда қима биіктігі 0,25м алынады.
Топографиялық план масштабы 1:10000 келесі жұмыстарға арналған:
•
қалалар мен поселоктарды салуда жерді пландау
•
жол құбырлары мен электр желілерінің трассасын таңдау
•
орман мелиорациясының жобаларын жасау
•
гидротехникалық құрылыстарды салуға территорияларды таңдау.
Топографиялық план масштабы 1:5000 келесі жұмыстарға арналған:
-
ірі және орта қалалардың ірі өндіріс аудандарының, күрделі көлік
торабының басты планын жасау, жерді суару және құрғату үшін жобаларды
жасау, жазық және тау өзендерінде гидротүйіндерді салу және т.б.
Топографиялық план масштабы 1:2000 келесіге арналған: кіші
қалаларды, қала типтес поселоктарды және ауылдық елді мекендерді салу
үшін басты планын және жобаларын (жұмыс жобаларын)жасау; инженерлік
тораптарды вертикаль пландаудың схемасын жасау; қалалық өндірістік
аудандардың пландау жобаларын жасау және т.б.
Топографиялық
план
1:1000
келесіге
арналған:
салынбаған
территориялар мен 1 этажды құрылыс территориясының жобасын және
жұмыс құжаттарын жасау, территорияны пландау және көгалдандыру үшін
жобаларды жасау; гидротехникалық құрылыстардың жұмыс құжаттарын
жасау және т.б
Топографиялық план 1:5000 келесіге арналған: көп этажды күрделі
құрылыстардың коммуникация торлары мен өнеркәсіп өндірістерінің,
көшелердің жұмыс жобаларын немесе жұмыс құжаттарын жасау, жеке
гидротехникалық құрылыстардың жұмыс жобаларын немесе жұмыс
құжаттарын жасау және т.б. 1:500 масштабын құрылыс масштабы деп
атайды.
Ірі масштабты пландарды анық қажетті дәлдікпен және толық түрде
келесілер бейнеленеді: триангуляция, трилатерация, полигонометрия
пункттері, нивелир торларының реперлері, және құрылыстар, үйлер,
ғимараттар, ауылшаруашылық және коммунальдық объектілер, жол
тораптары мен оның құрылыстары; гидрография және гидротехникалық
құрылыстар (кналдар, плотиналар); жер бетіндегі коммуникациялық
(құбырлар, электр желілері және т.б.); жер асты коммуникацияларының
шығыстары; жасыл желектер, топырақ және жер бетінің шағын пішіні (құм,
тақыр, тастар және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: