1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Маркетингтік зерттеулер жүйесін талдау



Pdf көрінісі
бет33/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

11. Маркетингтік зерттеулер жүйесін талдау
11.1. Маркетингтік зерттеулердің мақсаттарын, түрлерін және
әдістерін айыру
Маркетингтік зерттеулерді бес кезеңмен өткізуге болады:
Зерттеудің мәселесі мен мақсаттарын айқындау.
1.Зерттеу жоспарын құру.
2.Ақпарат жинау.
3.Жиналған ақпаратты талдау.
4.Зерттеу қорытындылары туралы есеп.
5.Маркетингтік зерттеудің тұжырымдамасы зерттеудің міндеттерін,
обьектісін және мақсаттарын айқын белгілеу,жұмыс жорамалын жасау [4].
Егер азық-түлік өндіруші компания фирмалық дүкен ашуды
жоспарласа, оның шешетін негізгі мәселесі—тұрақты сатып алушыларды
жұмылдыру болып табылады.Мұндай жағдайларда сипаттаушы зерттеуді
жүргізу үшін мәліметтерді жинау басталмастан бұрын мынадай сұрақтарға
жауап алу керек.Тұрақты келушілер деп кімдерді қарастыруға болады? Әр
сатып алушыны тұрақты деп санауға бола ма? Тұрақты сатып алушылар
отбасы негізіндегі статистикалық бірлік деп анықталуы тиіс пе,әлде жеке
тұлғаларды негізге алған жөн бе? Тұрақты сатып алушылардың қандай
сипаттамалары (жынысы,жасы,табысы,мекен-жайы) зерттелуге тиіс? Олар
дүкеннің пайда болуы туралы ақпаратты қайдан алды? Сатып алушылармен
қай кезде пікір сұрау жүргізу керек; сатып алу кезінде ме немесе одан кейін
бе?Пікір сұрауды қай жерде жүргізген дұрыс: дүкенде ме, дүкен алдында ма
немесе үйде ме ? Зерттеу нәтижелерін басқа дүкендерді ашу туралы шешім


41
қабылдауда қолдануға бола ма? Тұтынушыларды қалай зерттеу керек:
анкеталық сауалнама қолдану арқылы ма немесе олардың мінез-құлқын тауар
сатып алу кезінде бақылау қажет пе? Егер пікір сұрау жүргізілсе, анкетаның
түрі қандай болу керек: құрылымдық немесе құрылымдық емес түрде ме ?
Пікір сұрау телефон не пошта арқылы жүргізіле ме немесе жеке сұхбат алу
түрінде өткізіле ме?
Маркетингтік зерттеулердің бірінші кезеңінде оны әзірлеу талаптарын
қалыптастыру және зерттеу мәселесін анықтау қажет. Мәселені анық
баяндау- табысты маркетингтің негізі.Егер мәселе дұрыс тұжырымдалса,ол
аздап шешілді деуге болады.Мақсаттар мен мәселелер неғұрлым анық және
түсінікті
белгіленсе,маркетингтік
зерттеулер
соғұрлым
тиімді
болады.Ақпарат жинау-қымбатқа түсетін шара.Сондықтан мәселе бұлдыр
немесе дұрыс белгіленбесе,қажетсіз шығындарға ұшыратады.Мәселелерді
айқындау процедурасына мәселелер каталогын құру да кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет