42
Негізгі бөлім (преамбула) – сұрауға қатысуға респондентті көндірудегі
негізгі бағытталу. Онда қысқа түрде жүргізілетін зерттеудің мақсаты
анықталады, құрауға қатысуға респондентке өтініш жасаудың маңыздылығы
көрсетіледі,
сауалнама
жүргізуде
уақыттың
қажеттілігі
көрсетіледі,сауалнама толтыруда түсініктеме беріледі, қажетті кезде
анонимділікке кепілдік беріледі. Егер сұрау почта арқылы жүргізілсе, онда
кіріспе жолдама хат түрінде жазылуы мүмкін.
Негізгі бөлім – оны жасауда сұрақтардың типіне, мазмұны және
санына, дұрыстығы мен іскерлілігіне, көрсетілімнің кезектілігіне,
сауалнамада бақылау сұрақтарының болуына назар аударылады.
Бақылау сұрақтары (детектор) респондент жауаптарының дұрыстығын
және әділдігін тексеруге негізделген. Осымен байланысты олардың жеке
құрылғанын тексеру үшін олардың қасында болмауы қажет болғандықтан
басқаларға тарайды. Мысалы, респондентке мынадай сұрақтар қойылады:
«Күндізгі уақытта сіздің балаңыз қанша уақыт теледидар көреді?». Содан
кейін «Сіздің балаңыз бар ма?» сұрағы (иә/жоқ).
Реквизитті бөлім (паспортичка) – онда жіктелген (әлеуметтік-
экономикалық және демографиялық сипаттама) және идентификацияланған
(аты, мекен жайы ,байланыс телефоны) мәліметтер көрсетіледі. Сауатты
сауалнаманы жасау үшін бір немесе бірнеше апта кетуі мүмкін [25].
Достарыңызбен бөлісу: