43
рынокта кәсіпорынның алатын орны және т.б. Кейде кәсіпорын өз өнімін
монополиялық жоғары
бағалар бойынша сата алады, ал кейде рынокта
ұсталып тұру үшін ғана, төмен бағаларға қанағаттануға мәжбүр болады.
Баға сатып алушы үшін ғана емес, сонымен бірге өндіруші үшін де
талғаусыз емес, өйткені бұл оның кірістерінің өлшемдерін анықтайтын,
жалғыз фактор. Барлық қалған факторлар ең алдымен өзіндік құнды және ол
арқылы ғана кірістерді анықтайды.
Бағалардың негізгі қызметтеріне: сұраныс пен ұсынысты есептік,
ынталандырушы, үлестіруші теңгерімдеу, өндірісті ұтымды орналастыру
критерий-лері жатады.
Баға – бұл маркетингтің икемді құралы, өйткені сұраныс, шығын
немесе бәсеке факторларын есепке алып, оны жылдам және оңай өзгертуге
болады.
Ол кезде сұраныс шамасы ұсыныс шамасына тең болатын баға, ол
бойынша тауар рынокта нақты сатылатын, раноктық бағаны құрайды.
Рыноктық (тепе-тең) баға – ол бойынша берілген тауарлық рынокта сатып
алу-сату жүретін баға [4].
Достарыңызбен бөлісу: