1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет74/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

5. Жер санаттары
5.1 Жерді санаттар бойынша бөлу
Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына қарай
біртұтас, оның жекелеген бөліктеріне қарай жердің негізгі санаттарына
бөлінеді. Қолданыстағы жер қорының жүйесі мемлекеттік жер кадастрына
сәйкес негізгі нысаналы мақсатына құрамында мынадай жеті негізгі жер
санаттары бөлінеді:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
2) елді - мекендер жері (қалалар, қала үлгісіндегі кенттер мен ауылдық
елді мекендер);


93
3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл
шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
5) мемлекеттік орман қорының жерлері;
6) мемлекеттік су қорының жерлері;
7) босалқы жерлер. Бұл бөлімше санаттары бойынша Жер Кодексінде
бекітілген.
5.2 Жер кадастры кезінде пайдаланылатын жоспарлы-картографиялық
материалдар
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, ұйымдар мен мекемелерде
жер кадастры сапалы жоспарлы-карто-графикалық материал негізінде
анықталған жердің нақты жай-күйі мен пайдаланылуы бойынша жүргізіледі.
Жер кадастрын жүргізу үшін негізінен аэрофототүсіру жоспарлары және тек
жекелеген жағдайларда — жердегі түсірілім материалдары пайдаланылады.
Сурет 19 - ҚР елді-мекен жерлерінің картасы
Жоспарланған материалдар негізгі жер-кадастрлық құжаттар ретінде
есепке алынған аумақтың көрнекілігін қамтамасыз етеді, жер кадастры
кезінде жер алқаптарын өткізу немесе қайталау мүмкіндігін жояды.


94
Сурет 20 – ҚР автомобиль жолының картасы
Жоспарланған материал жердің құрамы бойынша жерді есепке алу
үшін ғана емес, сонымен қатар ауылшаруашылық жерлерінің сапасын
сипаттау, топырақты бағалау және жерді экономикалық бағалау үшін де
қажет.
Сурет 21 – Қазақстан Республикасының топырақ картасы
Сенімді жер-кадастрлық деректерді алудың маңызды шарты жоспарлы-
картографиялық материалдың толықтығы болып табылады. Олардың
мазмұны мемлекеттік жер кадастрының талаптарына сәйкес келуге тиіс. Бұл
жер кадастрының мәтіндік және жоспарлы-картографиялық құжаттары бір-
бірімен өзара байланысты болуы тиіс дегенді білдіреді.


95
Сурет 22 – ҚР су ресурстары картасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет