106
Шалғын, шалғын-батпақ, батпақ топырақтар үшін гидроморфтікке
түземе коэффициенттер енгізіледі. Бұл коэфициенттер гидроморфтік
топырақтардың 0-10 см қабатындағы қарашірік мөлшерінің аймақтық
топырағының сол қабатындағы қарашірік мөлшеріне қатынасы бойынша
есептелінеді.
Топырақ түрлерінің жеке қабаттары бойынша есептелінген барлық
көрсеткіштер қосылып, топырақ аймағы немесе әкімшілік аудандар шегінде
әр топырақ түрі бойынша орта көрсеткіштер шығарылады. Егер әкімшілік
аудан шегінде топырақ түрі 20-30 талдаудан кем қамтылмаса, онда топырақ
қасиеттерінің орта арифметикалық көрсеткіштері осы аумақтық бірліктер
шегінде есептелінеді, ал бақылау саны одан кем болса, есеп топырақ
аймақша шегінде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: