1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Заңды және жеке тұлғалар үшін жер учаскелерін бөліп беру



Pdf көрінісі
бет78/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

6.2 Заңды және жеке тұлғалар үшін жер учаскелерін бөліп беру,
пайдалану құқығын тіркеу
Мемлекеттік меншіктегі жерден жер учаскесіне құқық беру мынадай
ретпен жүргізіледі:
1) жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтінішхат қозғау;
2) мәлімделген өтінішхатты қанағаттандыру мүмкіндігін айқындау
(жер учаскесін алдын ала таңдау);
3) жерге орналастыру жобасын әзірлеу және бекіту;
4) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың),
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының,
аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ
әкімінің шешімін, ал арнайы экономикалық аймақтар аумағында — арнайы
экономикалық аймақ әкімшілігінің жер учаскесіне құқық беру туралы
шешімін қабылдау;
5) жергілікті жердегі жер учаскесінің шекараларын белгілеу;
6) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру;
6-1) уақытша өтеулі жер пайдалану туралы шарт жасасу;
7)жер учаскесіне құқықты мемлекеттік тіркеу.


100
Жер учаскелерін меншікке/жер пайдалануға беруді облыстардың
(республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық
маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы
бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық)
округтердің әкімдері Қазақстан Республикасының Жер кодексінде
белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Жер учаскесін беру туралы/жер учаскесін беруден бас тарту туралы
шешім облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың),
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары
жергілікті өкілді органның депутаттары, облыстың, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті
органының, сондай-ақ тиісті әкімдіктердің сәулет және қала құрылысы істері
жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінің және жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының (олар болған кезде) өкілдері арасынаншығарады.
Жер учаскелеріне меншік және (немесе) жер пайдалану құқығын
беруге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жердегі
облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына, аудандық
маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)
округтің әкіміне өтініш береді.
Өтініште: жер учаскесін пайдалану мақсаты; оның болжамды мөлшері;
орналасқан жері; сұралып отырған пайдалану құқығы; басқа жер учаскесінің
болуы (болмауы) (осы ҚР ЖК 50-бабының 2-тармағында көрсетілген жер
учаскелері бойынша) көрсетілуге тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет