114
жасаумен, жер-кадастр карталарын, жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын,
жер-кадастр жоспарын дайындаумен қамтамасыз етіледі.
Деректерді жинақтау жер учаскесінің кадастрлық нөмірі, жеке немесе
заңды тұлғалардың - жер учаскесіне құқық субъектілерінің атауы, атқарушы
органдардың актілері мен өзге де заңнамада көзделген құжаттар, жер
учаскесінің орналасқан орны мен көлемі, кадастрлық (бағалау) құны, жер
учаскесіне құқығы, нысаналы мақсаты, бөлінетіндігі және бөлінбейтіндігі,
жер учаскесіне сервитуттар туралы, сондай-ақ атқарушы органдар
белгілеген оны пайдалану жөніндегі шектеулер туралы ақпараттар
тіркелетін және сақталатын тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың
деңгейінде жүргізіледі.
Көрсетілген деректер облыстар, республикалық маңызы бар қала,
астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар және жалпы Қазақстан
Республикасының аумағы арасында салыстыруға мүмкіндік беретін меншік
нысандары, жер санаттары бойынша жүйелендіріледі.
Кадастрды жүргізу деңгейіне байланысты бақылау жағдайында
құрылады және ұсталады:
-облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың
шекаралары мен кодтары көрсетілген Қазақстан Республикасының жер-
кадастрлық картасы (схемасы);
-облыстық және аудандық маңызы бар аудандар мен қалалардың
шекаралары мен кодтарын көрсете отырып, Облыстың жер-кадастрлық
картасы (схемасы) ;
-қала ішіндегі аудандардың шекаралары мен кодтары көрсетілген
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер-кадастрлық картасы;
-есептік кварталдардың шекаралары мен кодтары көрсетілген
ауданның, облыстық, аудандық маңызы бар қаланың жер-кадастрлық
картасы (схемасы) ;
-жер учаскелерінің шекаралары мен кадастрлық нөмірлері көрсетілген
есептік кварталдың жер-кадастрлық картасы (схемасы).
Достарыңызбен бөлісу: