110
маңызды міндеті - ауыл шаруашылық өндірістің табиғи–экономикалық
аймақтар және әкімшілік аудандар бойынша жағдайларын даму
ерекшіліктерін анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтерді алу болып
табылады.
Облыста және республикада жер кадастрінің объектісі сол әкімшілік–
аумақтық бірліктер шегінде орналасқан мемлекеттік жер қоры болып
табылады. Кадастрдің ең негізді әдісі ретінде жер кадастрлік құжатты
жүргізуге, сол аумақтардың әр түрлі түсірулеріне, ізденіс-зерттеулердің
мағлұматтарына, құжаттарына, жерге орналастыру, мелиорация және басқа
жобаларының мағлұматтарына сүйенген құжаттық әдіс қолданады.
Кадастрдың деректерін есепке алу мен оларды сақтау бірлігі тұйық
шекарада бөліп шығарылған, белгіленген тәртіппен жер құқығы
қатынастарының субъектілеріне бекітілген жер учаскесі болып табылады.
Кадастрда әрбір жер учаскесі үшін оны кеңістікте бірмәнді бөлуге,
мөлшерін және орналасқан жерін айқындауға мүмкіндік беретін
сәйкестендіру сипаттамалары, сондай-ақ учаскенің кадастрлық бағалау
құны белгіленеді.
Кадастрдың құрамына жер учаскесінің меншік иелері мен жер
пайдаланушылар туралы ақпарат кіреді.
Жер учаскесі туралы мәліметтер осы учаскеге бекітіліп берілген
нөмірі, орналасқан жері, шекарасы және мәтіндік сипаттамасы көрсетілетін
жер-кадастрлық карталармен арақатынаста болады.
Мемлекеттік
жер
кадастрының
мәліметтерін
қалыптастыру
топографиялық-геодезиялық,
аэроғарыштық,
картографиялық,
жерге
орналастыру жұмыстарын, топырақ зерттеу, геоботаникалық зерттеулер мен
ізденістер, жер мониторингі жөніндегі жұмыстарды, жерді сандық және
сапалық есепке алуды жүргізумен, нақты жер учаскесіне жер-кадастр ісін
жасаумен, жер-кадастр карталарын, жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын,
жер-кадастр жоспарын дайындаумен қамтамасыз етіледі.
Деректерді жинақтау жер учаскесінің кадастрлық нөмірі, жеке немесе
заңды тұлғалардың - жер учаскесіне құқық субъектілерінің атауы, атқарушы
органдардың актілері мен өзге де заңнамада көзделген құжаттар, жер
учаскесінің орналасқан орны мен көлемі, кадастрлық (бағалау) құны, жер
учаскесіне құқығы, нысаналы мақсаты, бөлінетіндігі және бөлінбейтіндігі,
жер учаскесіне сервитуттар туралы, сондай-ақ атқарушы органдар
белгілеген оны пайдалану жөніндегі шектеулер туралы ақпараттар
тіркелетін және сақталатын тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың
деңгейінде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: