115
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жеке меншікке
берілген, оларды мемлекет немесе мемлекеттiк жер пайдаланушылар жалға
берген кезде жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларын, жалдау
құқығын сату төлемақысының мөлшерiн және мемлекеттік меншіктегі және
жер пайдалануға берілмеген жер учаскелеріне жекеше сервитут белгілеу
үшін төлемақының мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкiметi
белгiлейдi.
Жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде олар үшiн төлемақының
базалық ставкалары облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар
қалаларда, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда,
кенттер мен ауылдық елді мекендерде жергілікті жағдайлар мен
ерекшеліктерге қарай облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың өкілді және атқарушы органдарының бірлескен шешімдерімен
белгiленедi.
Бұл ретте жер учаскелерiн пайдалану төлемақысының ставкалары жер
салығы ставкаларының мөлшерiнен төмен болып белгiленбейдi.
Жалдау құқығын сату төлемақысы нақты жер учаскесiнiң кадастрлық
(бағалау) құнына қарай сараланып белгiленедi.
10.2 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері, нысандары және
Достарыңызбен бөлісу: