1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


Жерге орналастыруды жобалаудың принциптері



Pdf көрінісі
бет95/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

1.5.Жерге орналастыруды жобалаудың принциптері
Жерге орналастыруды жобалаудың принциптері оның алдына қойылған
мақсат-міндеттерінің сипатына қарай туындайды. Жалпы алғанда,
жобалауды мынандай бірқатар принциперді ескере отырып жүргізген
қажетті:
- Жерге орналастыру міндеттерін орындау барысында республика заңдарын
қатаң сақтау.
- Территорияны аймақтау материалдарын пайдалану.
- Жерге орналастыру объектілерінің табиғи және т.б жағдайлары мен
жердің кеңістік қасиеттерін мұқият ескеріп отыру.
- Бүкіл
халықшаруашылық
мұқтаждықтарын
ескере
отырып,
ауылшаруашылығында жерге деген приоритетті сақтау.


123
- Қала ман ауыл арасындағы маңызды әлеуметтік және мәдени тұрмыстық
айырмашылықтарын жою.
- Ауылшаруашылық бірлестіктерінің, кәсіпорындарының,
коперативтерінің, жер иеліктері мен жер пайдаланушылықтарын
жетілдіре отырып, олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Осы принңиптерге сәйкес жерге орналастыруды жобалаудың алдына
бірқатар жеке талаптар қойылады:
ауылшарушылық емес мұқтаждықтарға жердің жұмсалуын барынша
шектеу және әрбір жердің учаскесінің пайдаланылуын үнемі жақсартып
отыру.
жобалық шараларды жер иеліктерінің қаржы мүмкіншіліктеріне қарай
және іс жүзінде бар, сонымен қатар бұрын қабылданған инженерлік шаралар
кешенімен сәйкестіре белгілеу.
күрделі қаржылардың жұмсалуын барынша қысқарту.
жобалық шешімдерді жүзеге асыру нәтижесінде егіншілікке және мал
шаруашылыгында еңбекті ұйымдастырудыц прогрессивті формаларын
енгізуге қолайлы жағдайлар жасау.
топырақ эрозиясын тоқтату, оның салдарын жою, табиғи және
антропогендік құбылыстарға қарсы бағытталған шараларды жобалық
ұсыныстарда қамтып отыру.
жобалық міндеттерге жерді тиімді пайдалануға және қорғауға қатысты
басқа да инженерлік шаралар мен кешенді жэне өзара байланысты түрде
жүзеге асыру.
жер кадастры, жерді бағалау және көптеген іздестіру жұмыстары мен
зертеулер арқылы алынған мәліметтерді барынша толық пайдалану.
Осының бәрін айта келе, жерге орналастыруды жобалудың мынандай бес
түрлі принциптері туындайды:
1)жобалық ұсыныстардың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік
тиімдлігін қамтамасыз ету.
2)жерді ысырапсыз пайдаланудан, тиімсіз шаруашылықтық іс- әрекеттерден
және жағымсыз табиғи кұбылыстардан қорғалуын қамтамасыз ету.
3)жобалық мақсат- міндеттердің кешенді түрде жүзеге асырылуын ескеру.
4)жобалауда аймақтық, табиғи- эконмикалық ерекшеліктерді ескеріп отыру.
5)жерді нарықтық механизм объектісіне қосатын, қазіргі кездегі жер
құқықтық қатынастарды есегіке алу.
Бүкіл жобалау жұмыстары осы қысқаша сипатталған талаптар мен басты
принциптердің негізінде жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет