1.2.Жерге орналастыруды жобалаудың әдіснамалық негіздері Жобалау- жерге орналастыру процестерінің ең маңызды және күрделі
кезеңі болып саналады. Жобаны құру және негіздеу- барлық жерге
орналастыру процесінің жүрегі. Жобалық шешімдерді іңдеу әдісі, оларды
экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және құқықтық негіздеу жерге
орналастыруды жобалаудың предметі болады.
Қазіргі жерге ораластыру теориясы экономикалық, құқықтық
проблемалар бойынша бұрынғы негізгі техникалық, технологиялық
аспектілерді сақтай отырып қоғамдық құрылымдағы түпкілікті өзгерістерді
ескере отырып яғни жоспарлы- таратушы жүйеден нарықтық қатынасқа ітуі
жерге орналастыруда айтарлықтай іңдеуді талап етеді.
Қазіргі жерге орналастыру ғылымы зерттеудің қәзіргі әдістерін кең
қолданады(есептік-варианттық, статистикалық, монографиялық, экономико-
математикалық(ЭММ), болжамдау әдістері және т.б.), ұғымның диалектік-
материалистік әдісіне негізделген.
Жерге орналастыру ғылымының даму барысында жоғарғы оқу
орындарында жеке ғылыми пәндер қалыптасып келеді. Солардың ішінде
«Жерге орналастырудың ғылыми негіздері», «Жерге орналастыру
жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау», «Жерге орналастыруды
жобалау», «Жер ресурстарынпайдалануды жоспарлау және болжау», «Жерге
орналастырудағы геодезиялық жұмыстар» және т.б.
Жалпы жерге орналастыру теориясы жобалаудың, оның экономикалық
мәні мен тығыз байланысты және бірге көп жылдар бойы дамып келеді.
Жобалық жұмыстарды ұйымдастыру әр түрлі болуы мүмкін: жер, су және
басқа ресурстарды пайдалану жөніндегі болжамдық белгілер негізінде
қабылданған жүйе бойынша қатаң болуы мүмкін, ауданның жерге
орналастыру схемасын құрады,сосын шаруашылық аралық жерге
орналастыру жобаларын және шаруашылық жерін ораластыру жобасын,
экономикалық мүмкіндіктерінің пайда болуы мен талабының ісу шамасына
қарай жеке учаскелерге әртүрлі шараларды қажет ететін учаскелік жерге
орналастыру жобалары іңделеді. Осындай жолмен қабылданған ауданның
схемасы мен жобалық шешімдері жекеленіп жүзеге асады.
Бірақта, тәжірибеде әр түрлі ситуациялар кезігіп жатады, бұндай
кездері кірсетілген қатаң жүйені сақтау мүмкін болмайды немесе қиынға
соғады. Бұндай жағдайларда жобалық мәселелерді шешу әдісі мен
ұйымдастырылуы қатты ізгермейтін іңделгенжобалық мәселелер жеке таңдап
орындалады. Дегенмен, кез келген жағдайда анық белгілермен басқару,
121
жалпы қажетті басқару ережелерімен жерге орналастыру процессі толық
және жеке жобалауды жүзеге асыруы біріңғай талаптарды, қағидаларды және
нормаларды орындауды талап етеді.