122
Жобаның жазба білігіне есеп-түсініктемесі, агроэкономикалық
дәлелдеу және смета-қаражаттық есептер енеді. Бұл білігінің соңында
жобаның жоспарланған тиімділігін сипаттайтын техника-экономикалық
және экономикалық көрсеткіштер келтіріледі.
Жерге орналастыруды жобалаудың принциптері оның алдына
қойылған мақсат- міндеттерінің түріне сай туындайды. Жалпы алғанда,
жобалауды мынандай 6ip қатар қағидаларды ескере отырып жургізген
қажетті.
барлық жерге орналастыру мәселелерін шешу барысында ондағы
шаруашылық формаларының, жерге меншік және пайдалану формалары
туралы заңдарды қатаң сақтау;
жерді аймақтарға білу материалдарын пайдалану;
халық шаруашылық барлық салалардың мұқтаждықтарын ескере отырып,
ауыл шаруашылығының жерге деген приоритетін (біріншөлігін) сақтау;
-
ауыл еңбеккерлерінің әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық жағдайларын
үнемі
жақсартып отыру;
-
жер иеленушөлерді (жер пайдаланушыларды) үнемі жетілдіре
отырып, олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету;
-
табиғи, экономикалық, әлеуметтік және экономикалық жағдайлар
мен жердің кеңістік қасиеттерін мұкият ескеріп отыру.
Осы жалпы принциптерге сай жерге орналастыруды жобалаудың
алдына 6ip қатар талаптар қойылады. Соның ішінде:
ауылшаруашылық емес мұқтаждықтарға жердің жұмсалуын шектеу;
жердің пайдалануын үнемі жақсартып отыру;
жобалық шараларды экономикалық мүмкіндіктері мен бұрын қабылданған
басқа инженерлік шаралар кешенімен сәйкестіре белгілеу;
жобалық шешімдерде шығындардың ең азын қамтамасыз ету, жерді
пайдалану жөніндегі болжау және жоспарлау материалдарын барынша
қолдану және олардағы жалпы принциптік шешімдерді жобаның негізгі
ретінде алу;
жер кадастры және көптеген іздестіру жұмыстары мен зерттеулер
аркылы алынған мәліметтерді толық пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: