1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Менеджменттің қазіргі заманғы мәселелері



Pdf көрінісі
бет15/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

4.2 Менеджменттің қазіргі заманғы мәселелері
Қазіргі қоғамның дамуы жүйелік сипаттағы терең әрі динамикалық
өзгерулермен сипатталады. Мемлекеттік, саяси және экономикалық тұлғалар
өзгеріп, жаңа әлеуметтік және өндірістік технологиялар енеді. Осы
процестердің барлығы күрделі ұйымдасқан әлеуметтік жүйелердегі
басқарудың маңызын елеулі арттырады.
Әлемде жұмыс күшінде және біріккен еңбек құрылымында маңызды
сапалық өзгерістер пайда болды. Енді басқарушылар, білімі төмен, тіл алғыш
атқарушылармен емес, мамандармен көп кездесетін болды. Қазіргі өндіріс
өзінің технологиялық құрылысы бойынша кәсіби маманданған еңбекті кең
пайдаланады. Сондықтан, қазіргі менеджерлер басқару шешімдерін іске
асыруға шығармашылық ықпал ететін және бағалай білетін жұмыскерлерді
басқарады.
Сонымен қатар, жұмысшылар құрамы да өзгереді: егер бұрын
шаруалар, жұмысшылар және сервистік қызметкерлер басым болса, қазіргі
экономикада басты маманданған топтар болып “басқарушылар және
мамандар” саналады. Олардың арасындағы қайшылық кез-келген ұйымның
динамикасын анықтайды.
Басқаша айтқанда, басқарудың әлеуметтік объектілеріндегі үлкен
өзгерістер қазіргі өндірістік менеджменттің сипаты мен түрін өзгерту
қажеттілігіне әкеп соғады. Ал бұл процесс өте күрделі және ерекшеліктері әлі
толық зерттелмеген. Өндірістік менеджмент ұлттық экономиканы
ұйымдастыру қағидаларын өзгерту және қоғамда нарықтық реформа жүргізу
кезінде ерекше рөльге ие болады.
Өндіріс құрылымын, экономикалық байланыс сипатын өзгерту,
макроэкономикалық дисфункциялар және жалпы қаржылық дисбаланс,
жекеменшік революциясы және тұтыну жүйелері кәсіпорын дамуындағы
белгісіздік және дезорганизация сипатын тудырады. Мемлекеттік кепілдік
жүйесінің жойылуы және өзара міндеттерді орындау ортақ экономикалық
кеңістіктің бөлшектенуіне әкеледі. Мұндай жағдайда әр аймақ, әр өндіруші
өзінің жеке антикризистік басқармалық стратегияларын қолдануы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет