1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет124/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   236
Totin Filosofia (1)

МАРИТЕН, Жак Маритен (1882–1973) — француз 
философы, теологы, неотомизмнің ірі өкілі.
Л
ибералдық 
протестантизм 
рухында 
тәрбиеленген, 
жастайынан 
социалистік идеялардың ықпалында болды. 1914ж. 
Париждегі католиктік институтта философия профессоры 
болады. 1919ж. томизмді оқыту ұжымын ұйымдастырады
ол 1939ж. шейін жұмыс істеді. Отырысқа Ж.Кокто, 
М.Жакоб, М.Шагал, И.Стравинский, Н.Бердяев және т.б. 
қатысады. 1940ж. АҚШ-қа кетуге мәжбүр болды (1945ж. шейін), онда 
Принстон және Колумбия университеттерінің профессоры болды. 1960ж. 
бастап қайтадан Францияға келіп, сонда тұрады. Шығармалары: 
«Интегральный гуманизм», «Символ веры», «Краткий трактат о 
существовании и существующем», «О философии истории», «Философ во 
граде», «О милосердии и гуманности Иисуса», «О церкви Христовой», т.б. 
МАДХУР, Ибрахим Мадхур (?–1995) — қазіргі заманғы мұсылман әлемінің 
философы. Өзінің қажыр-қайратымен әлемге танымал болған ұлы тұлға 
Гизада туған. Дару-л-Улумда білім алғаннан кейін білімін тереңдету 


299 
мақсатында Парижге келеді, мұнда ол 1934ж. докторлық диссертациясын 
(Мұсылман философиялық мектебіндегі әл-Фарабидің орны) қорғайды. Каир 
университетінің профессоры атағын алады. 1952ж. дейін Әлеуметтік істер 
министрі қызметін атқарады. Революциядан соң ол араб тілі академиясында 
(1946-1959ж.ж. мүшесі, 1959-1974ж.ж. Бас хатшысы, 1974-1995ж.ж. 
Президенті), араб тілі академиясы одағында, Мысырдағы мәдениеттің 
жоғарғы кеңесінде қызмет атқарған кезде араб тілі мен мәдениетін 
зерттеумен айналысады. Ол Ибн Синаның «Китаб әл-Шифа» (1949), Ибн 
Арабидің «Футухат Маккия» атты еңбектерінің жариялануына басшылық 
жасаған және ортағасырлық мұсылман ойшылдары жайлы көптеген еңбектер 
жазған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет