1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ВЕРИФИКАЦИЯ — қайсыбір тұжырымдар немесе тәртіптерде ақиқатты  орнатудың процедурасы.  ВЕСТЕРНИЗАЦИЯ



Pdf көрінісі
бет176/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   236
Totin Filosofia (1)

ВЕРИФИКАЦИЯ — қайсыбір тұжырымдар немесе тәртіптерде ақиқатты 
орнатудың процедурасы. 
ВЕСТЕРНИЗАЦИЯ (ағылш. – батыстық) — Батыс мәдениеті үлгілерін 
қабылдау, басқа мәдениеттердің батыстандырылуы немесе болмыстық донор 
мәдениеттен реципиент ретінде жеке құндылықтарды қабылдауы. 
ВИРТУАЛДЫҚ немесе ВИРТУАЛИСТИКА (лат. «мүмкін болатын», 
анықталған бір шарттарда пайда бола алатын және пайда болатын да) —
психологиядағы бір бағыт. Ол мақсат ұйғарыммен бітімделген, бірақ оны 
сезіну, ұғыну да, әрі сезінбеу, ұғынбау да мүмкін. Мысалы, компьютерлік 
виртуалды шындық. 
ВОЛЮНТАРИЗМ (лат. тіл. ауд. - воля, жігер) — Ф.Теннис 1883ж. енгізген 
термин. Философиядағы идеалистік бағыт, жігерді болмыстың жоғарғы 
принципі ретінде қарастырады. Рухани болмыста жігерді бірінші орынға қоя 
отырып, волюнтаризм барлық заттың негізі ретінде интеллект, ақыл-ойды 
танитын интеллектуализмге (немесе рационализмге) қарсы тұрады. 
ГАНДИШІЛДІК — Үндістанның рухани «атасы» Мохандас Карамчанд 
(«Махатма») Гандидің ілімін ұстанушылардың дүниетанымдық, саяси–
мәдени жүйесі. 
ГЕДОНИСТІК ФИЛОСОФИЯ — (Кирендік – Кирен қаласының атымен), 
оның өкілдері өмірде өз түйсіктерінің мәліметтерін басшылыққа ала отырып, 
сезімдік қуаныштарға, ләззатқа берілу керектігін уағыздады. Негізін 
қалаушы, атақты ойшыл – Аристипп (б.д.д.435-355ж.ж.). Ләззат, бақыт 
дегеніміз – минуттық сезімдік қуаныштардың жиынтығы, оларды қадірлеп, 
қастерлеп, мүмкіндігінше пайдалану керек. Өмір қайғы-қасіретке толы 
болғандықтан, өмірмен қатар өлім де тартымды.
ГЕНЕЗИС — пайда болу және одан әрі даму. 
ГЕРМЕТИЗМ — Гермес трисмегист (Үш дүркін Ұлы) есімімен аталатын 
және көне мысырлық абыздардың құпия ілімдерінен бастауын алатын кейінгі 
антикалық дәуірдің діни-философиялық ағымы.
ГЕРМЕНЕВТИКА — (грекш. - «герменойтикос» түсіндіруші, ұғындырушы 
деген сөзін білдіреді, ежелгі грек құдайы Герместің атынан шыққан), 
мәтіндерді және олардың мағынасын ортаға салу жөніндегі ілім немесе кез 
келген жазба нұсқасының, мәтіннің мәні, мағынасын тұспалдап түсіну, ұғыну 
әдісі (қазіргі заманғы шетелдік батыс философиясына тән). Өкілдері: Э.Бети, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет