1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет186/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   236
Totin Filosofia (1)

 
ИСЛАМДЫҚ МӘНМӘТІН — «мәнмәтін» сөзі бірігу, байланыс дегенді 
білдіреді, исламдық мәнмәтін Қасиетті Құранды сөзбе сөз және жасырын 
түрде толық түсінуді білдіретін феномен. Исламдық мәнмәтін – феномені 
исламмен табиғи байланыста болатын шығармашылықтағы мәндік және 
белгілік формалардың сәйкес келуі. 
 
ИСЛАМДЫҚ ТҰЖЫРЫМ — түсінудің исламдық мәні. Ұғымда 
үлкейтілген көрінетін, исламдық мазмұнда орындалған мән. Исламдық 
тұжырым ислам философиясында іске асып, исламның болмыспен бірлесу 
әлеміне апарады. Исламдық тұжырым ұғынуда тұжырымды құрушы, 
жасаушы, философиялық тұлғалық мән беруші мұсылман ғалымдарының 
мәні зор. Мысалы, исламдық тұжырым «инсан әл-камил» – толық адам әл-
Фарабиде, Ибн Синада, Ибн Рушдта, Ибн Баджжде, ибн Арабиде, 
Қ.А.Иассауиде, әл-Ғазалиде тұлғалық авторлық мәнге ие болды. Белгілі 
«вахдат әл-вуджуд», «инсанийа», «ләйләт-әл-кадр», «анна-әл-хакк» (әл-
Халладж), «Диуани-хикмет» (Қ.А.Иассауи), «талаб-әл-ильм» (діни білімді 
іздеу) және басқа тұжырымдары исламның тұлғалық түсінігін және Құдайға 
тұлғалық жолды ашып көрсетті. 


354 
ИСЛАМДЫҚ ФУНДАМЕНТАЛИЗМ — Мұхаммед Пайғамбар кезеңіндегі 
мұсылмандық тәжірибиені, яғни исламдық алғашқы бастау, сенім тірегін 
қайта қалпына келтіруге негізделген доктринаны, қазіргі саяси ислам 
қозғалысын белгілейтін ұғым.
 
ИСЛАМДЫҚ ГУМАНИЗМ — инсанийа – адамдық, гумандылық, әр адам 
басындағы рухани-адамгершіліктік бастауды, оның қоғамдағы тең құқын 
мойындауды білдіретін тұжырым. Исламдық гуманизм мұсылман 
мәдениетінің ұстанымы ретінде теңдікті, еркіндікті, адам өмірінің 
құндылығын уағыздайды. Тұжырым білім беру мәселелерімен және 
қайырымдылық, тәрбие феномендерімен байланыста ашылады. 
ИСЛАМДЫҚ МОДЕРНИЗМ — исламдық құндылықтарды ортодоксалды 
және схоластикалық нұсқалардан босатуға және құндылықтарда қайта қарау 
идеясына негізделгені – рухани ағымдардың кең таралуы. Сонымен қатар 
оның құрылымында Құран мәтінін тұжырымдау, исламның іргелі негіздерін 
рационалистік сипатта баяндау көрініс береді. Исламдық модернизм 
философиясы қоғамның этикалық, эстетикалық, әлеуметтік және саяси 
мәселелерін әлеуметтік теңдік және әділеттілік негізінде қарастырады. 
ИСТОРИЦИЗМ 
— 
тарихи 
білімнің 
логикалық-методологиялық, 
гносеологиялық және көзқарастық проблемаларын алдыңғы қатарға 
шығаратын философиялық ағым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет